Алматыда полиция қуып жүріп әрең ұстаған ұрылардың кім екені белгілі болды
Банданы қуған полиция. Алматыда құзырлы органнан қашқан көлік ұрылары ұсталды. Қолға түсіп қалмайық деп қатты жылдамдықпен жүйіткігендер бағанаға соғылып барып тоқтаған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
25.07.2018
Тұрғындар түн ортасында екі адамның ауладағы көліктерді айналшықтап жүргенін көріп, полицияға хабарлапты. Күдіктілерді құрықтау кезінде жұрт қару дауысын естігендерін айтады. Бірақ, ішкі істер департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Сыбайластар Шығыс Қазақстаннан келген екен. Тіптен, мінген көліктерінің өзі ұрланғаны анықталған. Қазір қолдарына кісен салынған азаматтардың басқа қылмыстарға қатыстарының бар-жоқтығы анықталып жатыр.
Владимир, куәгер:
-Оқ атылғанын естіп, төменге түстім. Көлік негізінен бағанаға соғылмаған, оны полиция соғып тоқтатқан деп естідім. Әйтеуір, полиция көліктері қаптап кетіп, шу біразға дейін басылмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!