{metadescription}
"Көлікті үйімізге көтеріп кіргізетін шығармыз?": Алматыда жүргізушілер ұрыларды өздері іздеуге мәжбүр
"Көлікті үйімізге көтеріп кіргізетін шығармыз?": Алматыда жүргізушілер ұрыларды өздері іздеуге мәжбүр

"Көлікті үйімізге көтеріп кіргізетін шығармыз?": Алматыда жүргізушілер ұрыларды өздері іздеуге мәжбүр

Қарақшыларда қаймығу деген жоқ. Құзырлы органдар көлік тонаушылармен күреске мықтап кіріскеніне олар пысықырып та қарамайтын сыңайлы. Өйткені Алматыда өткен түні ұрылар бір ауладағы 12 көлікті тонап кетті. Әбден басынған ұрылар негізінен аккумляторлар және магнитофондарды қолды болған. Ал жапа шеккен темір тұлпар иелері полициядан күдер үзіп, сұғанақтарты өздері іздеуге көшкен.

Құрмет Қайратұлы көлік ұрлаушылардан зардап шеккендердің бірі. Қарақшылар бір түнде оның аккумляторын,  бензонасосын қолды қылған. Барлығы да қымбат бағалы шетелдік қосалқы бөлшектер еді дейді ол.

Құрмет Қайратұлы, Алматы қаласының тұрғыны:

-Мен қазір 150 мыңға шығынданып отырмын.  Арыз жазсақ,  кімнен күдіктенесін деп өзімізге бәле жабады. Олар іздейтін адамдар емес.

Әйгерім ықшам ауданында бір түнде 12 машина тоналған. Тұрғындардың пайымынша ұрлық шамамен түңгі сағат 1 мен 3 тер шамасында болыпты.

-Ұрылар алдымен машиналардың дабыл қаққыштарын істен шығарған. Сөйтіп машина ішіндегі құнды заттарды үптеп кеткен. Көбінің капотын ашып, аккумуляторларын алыпты.

Нұрлыбек Мамырбай, Алматы қаласының тұрғыны:

-Осы машинамен күн көреміз. Барсақ жұмысқа өзін ақтайды, келерде де ақтайды. Бүгін міне жұмысқа да ешқайда шыға алмадық.

Тұрғындардың айтуынша,  бұл көшедегі үйлерге ұрылар да жиі түсетін болған. Олар кеше ғана мына үйлердің біріне кіріп бар ақшаны қолды қылған.

Жазира Нұрмолдаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- 7 рет түсті  ұры.  Ұйықтап жатқан жерімізден ақшамызды алып кетіп жатыр. 

Алмас Маратұлы, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бұл жақты тонап жатыр ғой жұма сайын.  Полиция қозғалмайды. Камера қойғанның өзінде, кепка киіп, бет аузын жауып жүреді.

Денис Тенді пышақтап кетті, 2 ақ күнде тауып берді ұрыны.

Ал, ұрыларды дер кезінде құрықтап, қылмысты уақытында қарауға міндетті құқық қорғау органдары болса, тұрғындарға мүліктеріңе ие боылңдар деген кеңес айтудан аспайды екен. 

Жазира Нұрмолдаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Еіді  машинаны үйімізге көтеріп  кіргізетін  шығармыз. Таңертең 7- де шақырсаң түскі 12- де келеді. Бүгін КТК шақырамыз деп едік, 10 минутта келді. Мен таң қалдым ой сұмдық тез  келеді екен ғой.

Полиция апыл-ғұпыл саусақ іздерін түсіріп, зардап жеккендерден түсініктеме алып кетіп қалды дейді сан соққан жұрт. Оқиғаның мән-жайын білмек боп Алатау аудандық басқармасына барғанымызда олар қаладағы басшылығына, ондағылар кері сілтеп шығарып салды. Бір түнде 12 көлікті тонап басынған ұрылардан тұрғындар енді қалай сақтанарын білмей дал. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.