Петропавлда саудагерлер наразылық білдірді
Петропавлда кезінде заңсыз жалға берілген жерлерде орнатылған сауда орындары сүрілетін болды. 20 жылдан бері сол жерден нәпақасын айырып отырған кәсіпкерлер бұған ,әрине, наразы. Алайда кезінде заңсыз тұрғызылған сауда орындарының салдарынан орталық базар маңында тротуар тарылып қалған. Оның үстіне бұл сауда орындарының бәрі жоғары кернеулі бағаналардың астында тұр екен. Енді қаланы көріктендіру үшін саударгерлермен қырылысып жатқан әкімдік оларға өтемақы да төлемекші.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
26.07.2018
Жиналған жұрт сол сауда орындарының иелері. Бәрі кезінде әкімдікпен келісім шарт жасасып, жерлерді жалға алған. Бутиктер тұрғызған. Кейбірі тіпті сол жерлерді жеке меншікке ресімдеп үлгеріпті. Кісі аяғы көп жүретін орталық базар маңындағы бұл бутикер оларға күн сайын қып қызыл пайда әкеп тұрған.
Қуат Аланиязов, кәсіпкер:
-Кетіңдер дейді. Бірақ бір қағаз көрсеткен жоқ. Тек ауызекі сөз. Сол үшін өз құқықтармызды қорғауымыз керек.
Алайда бұл бутиктердің қала сәнін кетіріп тұрғаны талай жыл ешкімді қызықтырмаған сыңайлы. Сәйкестік пе, жоқ па белгісіз сең тек былтыр облысқа жаңа әкім тағайындалғанда ғана қозғалды. Қала атқамінерлері алдымен бутиктер «қызыл жолақ» -тың үстінде тұр деп оларды сотқа берген екен. Алайда артынша өз арыздарын қайтарып алып, кәсіпкерлерді ығыстыратын жаңа себеп тапқан.
Қайролла Ғалиев, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
-Бұл жерде құрылыс және энергетикалық талаптардың бұзылғаны анық көрініп тұр. Бағаналар тіпті павильондардың ішіне кіріп кеткен.Біз кәсіпкерлердің мүліктеріне сараптама жасап, оның нақты құнын анықтайтын боламыз. Сонан соң заң аясында оларға өтемақы төлейміз
Ал 15 жыл бұрын бұл жерде сауда орнын салуға рұқсат берген шенділер сол құрылыс және энергетикалық талаптардың бұзылғанын көрмеген сыңайлы. Бутиктердің ішіндегі бағаналарды бірі пластикпен қоршап сәндесе, екіншілері сол күйі қалдырған. Ал мұның сол дүкенге бас сұғатын тұрғындар үшін қаншалықты қауіпті екендігі ешкімді мазаламайды. \
-Осылайша бұрынғы әкімсымақтардың солақай саясатының кесірінен оның қазіргі ізбасарлары таяқ жеп жатыр. Таяқ демекші ,оның бір ұшының халыққа да тиетін түрі бар. Сіз бен біздің салығымыз есебінен толатын қазынаның бүйірі енді осы кәсіпкерлерге төленетін өтемақы есебінен босайтын болады.
Алайда «өтемақысы керек емес, орнымызда қалдырсын» деген кәсіпкерлер ештеңеге көнер емес. Талай жыл осы жерде отырғандар қып- қызыл пайдадан қағылайын деп тұр. Елуден астам павильон сүрілсе, иесі бар, саудагері бар барлығы 100 адам жұмыссыз қалатын түрі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!