{metadescription}
Ресейден  құс өнімдерін тасымалдауға  уақытша  шектеу қойылды
Ресейден  құс өнімдерін тасымалдауға  уақытша  шектеу қойылды

Ресейден құс өнімдерін тасымалдауға уақытша шектеу қойылды

Көрші елде құс тұмауы белгілері көбейгендіктен, еліміздің ветеринариялық қадағалау комитеті осындай қадамға барып отыр.

Шектеу 70 градус ыстықта өңделмеген өнімдердің барлығына қатысты. Бұдан былай Ресейдің Орлов, Ростов және Нижегородский облыстарынан құстың еті, қауырсыны, жұмыртқасы және құстың өзі де әкелінбейді. Мұндай шектеу қойылып отырғаны бірінші рет емес. Өткен айда ғана Ресейдің 3 облысында құс тұмауы анықталып, 36 құс фабрикасының өнімдерінен бас тартқан едік. Мамандардың айтуынша, бұл шара бізде адамнан бұрын құс шаруашылығы саласына орасан шығын келтіруі мүмкін. Сондықтан, көршілердергі жағдай қалыпқа келмейінше, шектеу алынбайды. Ал дүкен сөрелеріндегі құс өнімдерінен қорқудың керегі жоқ дейді.

Дастан Молдабаев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы:

-Құс тұмауы негізінен құс шаруашылығы саласына зиян келтіреді. Өйткені, құс тұмауы вирусы басқа вирустар секілді сыртқы ортаға және термикалық өңдеуге төтеп бере алмайды. Сондықтан, дүкен сөрелерінде тұрған құс етінен қауіптенудің қажеті жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде