{metadescription}
Алматыда атышулы  көлік базарларынан небір былықтың беті ашылып жатыр
Алматыда атышулы  көлік базарларынан небір былықтың беті ашылып жатыр

Алматыда атышулы көлік базарларынан небір былықтың беті ашылып жатыр

Алматыда көліктердің ұрланған айналарын сатып келген деген күдікпен саудагер ұсталды. Қаладағы көлік бөлшектерін сататын ең ірі сауда орнында құрыққа ілінген 28 жастағы азамат Алматы облысының тумасы екен. Қазір оның ұрланған заттарды кімдерден алғаны және кімдермен тығыз байланыста болғаны анықталуда. Айта кетейік, атақты спортшы Денис Теннің өлімінен соң алматылық полицейлер қаладағы көлік бөлшектерін сататын базарларды тексеріп, қатаң бақылауға алып жатыр. Бір ғана  «Жібек жолы» базарын тексеру барысында іздеуде жүрген 4 күдікті табылған. Ал "Кар Ситиден" жүзге жуық адам полиция...

лімшесіне жеткізіліпті.

Көлік бөлшегін сататын бутиктің есігін ашқан жігіт  полицейлердің құрығына іліккен күдікті. 28 жастағы азамат «Кар Сити» сауда орталығында ұсталған. Сақшылардың айтуынша, саудагер ұрылар жымқырған көлік айнасын жымын білдірмей сатуды кәсіп етіпті. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Ұрланған автокөлік әйнектерін саудаға салған. 15 әйнек тәркіленіп, қазіргі таңда қылмыстық іске дәйекті зат ретінде тіркелді.

Ал әйгілі спортшы Денис Теннің өліміне себепші болған айна ұрлығынан соң қолын кеш сермегендей күй кешкен алматылық сақшылар, екі күннен бері көлік құралдарын саудалайтын орталықтарды тінтіп жүр.

- Заттардың құжаты бар ма? Ұрланған зат емес пе?

 - Жоқ, ұрланған заттар емес, бәрінің құжаты бар. Бәрі өзіміздің тауарларымыз.

Алайда, полицейлер таратқан мәліметтен төбе шашың тік тұрады. Бейне бір базарларда ұры-қары мен қылмыскерлер өріп жүргендей әсер аласың. Себебі, бір күннің ішінде «Жібек жолы» базарынан бір нашақормен қоса іздеуде жүрген 4 күдікті табылған. Сондай-ақ, қысқа уақытта базар төңірегінде 416 әкімшілік-құқық бұзушылық анықталыпты. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Іздеуде жүрген 4 қылмыскер табылған болатын. Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 20 өзбек елінің азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұрланған болып саналған 2 велосипед табылып, тәркіленіп, нәтижесінде өз иелеріне қайтарылды. 

Полицейлердің айтуынша, құдды бір кинодағыдай базарларды астан-кестеңін шығарып, көрінгеннің қолын қайырып ұстауға құзіреті жетпейді екен.  Онымен дәйектер толыққанда арнайы топ шұғылданады дейді олар. Ал, сатушылар төтеден келген тексеріске түсіністікпен қараса да, мұндай дүрбелеңді алғаш көрдік дейді.    

-Иә, бұл бірінші рет тексеріс. Енді дұрыс қой тексеріс деген. Кешегідей жағдай болғаннан кейін тексеріс болу керек қой.

Алматыдағы көлік бөлшектерін сататын сауда орталықтарын аяғынан тік тұрғызған жедел іс-шаралар осы аптаның соңына дейін жалғасады. Бір сəтте қаладағы бірнеше базарды қоршауға алған полицейлер мен ұлттық ұлан сарбаздары кірген-шыққан адамды жіті тексеріп, күдік туғызғандары арнайы құрылған штабқа əкетіп жатыр. Ал сақшылардың айтуынша, көлік бөлшегін қолды ететін қаскөйлермен бірге ұрланған мүлікті сатып алу жəне сатумен айналысқан саудагерлер де қылмыстық жауапкершікке тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде