Қазақстандықтар қажылыққа қамдана бастады
Қасиетті мекенге аттанатын отандастарымыз түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе салдыру үшін биыл квота ертерек бөлініпті. Себебі Сауд Арабиясында қазір жұқпалы дерттер дендеп тұр.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
27.07.2018
Айнагүл ҚУАТБАЕВА Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының бөлім бастығы:
- Полимилит ауруын айтуға болады. Оның ішінде сары қызбаны айтуға болады. Сонымен қатар, тырысқақ немесе холера ауруы. Конгода обала лихорадкасы өршіп тұр. Ол Сауд Арабиясына жақын.Сондықтан қазақстандықтарға көпшілік ортаға барғанда жұқпалы аурудан сақтануды сұраймыз.
Бес парыздың бірін өтеуге ниет білдіргендерге менингокок инфекциясына қарсы екпе салдыру міндеттелген. Сондай-ақ, маусымдық тұмауға қарсы вакцина да қажет. Қажылыққа баратын әр азамат дәрігерлік анықтама алуы тиіс. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігі Мекке мен Мединаға аттанатын отандастырымыздың медициналық тексерістен толығымен өтуін бақылауға алған.Осы жылы үш мың қазақстандық үлкен сапар жасағалы тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 адамға көп. Алғашқы легі Қазақстаннан 8-9 тамызда шығып, қажылар мінген соңғы ұшақ елге 23-шы тамызда қайтады. Мекке мен Мединаға аман-есен барып қайтуын діни басқарманың мамандары толық қадағаламақ.
Айдар САЛҚЫНБЕАВ Қажылық бөлімнің меңгерушісі:
-Әр фирмада дәрігерлер бар. Қажылық миссияның құрамында үш дәрігер бар. Олардың денсаулығына, қауіпсіздігіне біз жауап береміз. Әр денсаулығының дұрыс екеніне әбден көз жету керек. Қажының денсаулығы болмаса ол қажылығын атқара алмайды ғой. Сол себептен оған көп көңіл бөліп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!