Қасақана от қойған
Грекиядағы алапат өрттің неден шыққаны анықталды. Елдің шығысында тілсіз жаудың бас алуына қасақана от қою себеп болған. Биліктің бұл хабары өрттен жақындарын жоғалтып, зардап шеккендердің туыстарын ашуға булықтарды. Осындай бассыздыққа жол берді деген айыпты үкіметтің өздеріне тақты. Үш күндік аза тұту аяқталғаннан кейін құтқарушылар іздеу шараларын одан әрі жандандырды. Соңғы ақпарат бойынша, жалын 85 адамның өмірін жалмаған. Отқа оранған Грекияға Еуроодақтың бірнеше мемлекеті көмек қолын созды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
07 ақпан
Серіктестер жаңалықтары