Ай тұтылған шақта маңызды шешімдер қабылдамаған жөн
Бүгін жер шарының халқы табиғаттың ерекше құбылысын тамашалай алады. 27- нен 28- не қараған түні ай тұтылады. Астана уақытымен сағат түнгі 11-ден 13 минут кеткенде Ай Жердің көлеңкесіне ене бастайды. Бұл ғасырда бір рет болатын Айдың ең ұзақ тұтылуы.
27.07.2018
Ал қызық көріністі шамамен түнгі 1- ден кейін байқауға болады. Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығының мәліметінше, дәл осы уақытта жер өзінің ең жақын серігін түгел көлеңкелемек. Кейін дәл сондай уақытта кері процес жүреді. Айдың тұтылуы сағат 3- тен 3 минут кеткенде аяқталады. Ал толықтай жердің көлеңкесінен 4:19 да шығып кетеді. Айдың тұтылуы кезінде оның түсі ерекше қызыл күрең болады екен. Мамандар бұл құбылысты көрем дегендерге таулы аймаққа баруға кеңес береді. Себебі, биіктеген сайын шаң тозаң азайып, аспан шайдай ашылады. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге дүрбі, кез-келген оптикалық құрылғы, жылы киім, су және тамақ алып алсаңыз артық болмайды. Астрологтар аспан денелері тұтылған тәулікте маңызды шешімдер қабылдамауға кеңес береді. Әрі жүйке-жүйесі ауратын адамдарға да құбылысты тамашаламаған абзал дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!