Түркістан облысында жолаушылар автобусы жанып кетті
Түркістан облысында жеңілкөлікпен соқтығысқан шағынавтобус түгі қалмай өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы Кентау-Түркістан бағытындағы жолда болған.
Автор: Бек Әбиев
27.07.2018
Түркістаннан келе жатқан Ауди жылдамдықты асырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол сәтте Кентаудан шыққан жолаушылар тасымалдайтын Газельге барып соғылады. Қатты соққыдан жеңіл көліктің моторы жұлынып, едәуір жерге түсіп қалған. Аудиді тізгіндеген 43 жастағы азамат тіл тартпай кетсе, шағынавтобус ішіндегі 7 адам түрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Жарамсыз күйге түссе де, қос көлік айыптұрағына жөнелтіліп, жол апатына қатысты тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!