Еңбек мигранттары құрықталды
Көлік бөлшегін ұрлаушылар мен қолды болған мүлікті сатушыларды құрықтауға кіріскен сақшылар заңсыз еңбек мигранттарын да шетінен қамап жатыр. Үш күннің ішінде қалада 430 көші-қон заңын бұзған шетел азаматы ұсталып, əкімшілік жауапқа тартылған. Оның 121-ін елдеріне қайтарыпты.
27.07.2018
Бүгін кешкілік қарқынды құрылыс басынан тағы да заңсыз жүрген 15-тен астам шетел азаматын анықтаған полицейлер, бұлардың қатары əлі де артуы мүмкін екенін айтады. Себебі, құзырлы орган қызметкерлері сенбі-жексенбі күндері де қаланың қуыс-қуысын түгел тінтімек. Күнкөрістің қамымен Қазақстанды жағалағандардың дені құрылыс нысанындарында жүр. Тіпті, кейбірін қоғамдық тамақтану орны мен базар аймағында еш алаңсыз алшаң басып жүрген жерінен құрықтапты. Барлығы құжат көрсете алмай тосылған.
Жарас Байсалбаев, Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасы взвод командирінің орынбасары
-Әуелі Ішкі істер бөліміне алып барып, жан-жақты тексереміз. Қолында құжаты болмағасын заңды немесе заңсыз жүргенін анықтаймыз. Барлығы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның азаматтары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!