{metadescription}
Археологтар Астананың іргесінен екі жарым мың жыл бұрынғы сақ қорғандарын тапты
Археологтар Астананың іргесінен екі жарым мың жыл бұрынғы сақ қорғандарын тапты

Археологтар Астананың іргесінен екі жарым мың жыл бұрынғы сақ қорғандарын тапты

Бүгінде ол жерде қазба жұмыстарын қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде олар қоладан жасалған әшекей бұйымдарды құмның арасынан аршып алған. Тарихшылардың жорамалы расқа айналса, бас қаламыздың тарихы бірнеше ғасырларға тереңдейін деп тұр.

-1 Археологияда мынадай әдіс бар. Мәселен мына тастар жәйдан-жәй жатқан жоқ. Бей-берекет шашыраңқы емес, керісінше, рет-ретімен қаланған. Демек, бұл бірдеңенің нышаны. Мұнда не біреу жерленген, немесе бұл үлкен бір қорғанға кіретін қақпа. Өйткені, жалпы қазба жұмыстарының аумағы 2 мың шаршы метрге жетеғабыл. Археологтар бұл жерді әзірге Астананың маңайынан табылған ең үлкен қорған деп топшылап отыр.

Олай дейтініміз, Елорданың төңірегінде жергілікті маңызы бар 46 тарихи орын болса, соның 12-сі археологиялық нысан болып саналады. Қала іргесіндегі Күйгенжар дейтін жерде енді қазылып жатқан мына қорған көлемі жөнінен солардың ішіндегі ең үлкені екен. Негізі бұл жерде бірдеңенің көмулі жатқанын тарихшылар 1999 жылы-ақ тұспалдап қойған екен. Ал осы бірер күндікте күрек сұғып қалса тарихи табысқа кенеле қалыпты. 

Марал Хабдулина, К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры:  

-Шамамен 2,5 мың жыл бұрын мына қорғанда сақтардың бір көсемі жерленген деп жорамалдап отырмыз. Оның жерленген жерін бүгін ғана таптық. Оған дейінгі қазба жұмыстарында осы жерден мұсылмандық дәстүрмен көмілген 7 бірдей қабір шықты.  

Тарих ғылымы үшін ерекше жетістік саналатын жердің қазба жұмыстары асқан мұқияттылықпен жүріп жатыр. Мәселен, мына қарайып тұрған тастақты жер біреудің бейіті екенін меңзейді. Жанындағы тура сондай екінші бейіттің ізі бар. Ал әрбір табылған метал сынығы ол тарихи артефакт.

Меңдіхан Қобыланұлы, тарихшы:

-Оларға өте үлкен мұқиятпен қарау керек. Өйткені, олар бірнеше мыңдап жер астында жатқаннан кейін олар сынып қалады ұстаған жерде. Осындай міне, әйел адамның әшекей бұйымдары: сырғалар, сақина қоладан жасалған. Ыдысқа салған кезде осындай қай жерде, қандай тереңдікте табылғанын жазамыз.

Негізгі екі қорым 4 метр тереңдіктен табылып отыр. Ал оған дейін археологтар мұсылмандық дәстүрмен жерленген 7 адамның қаңқасын ұшырастырған. Олардың жерленген уақыты шамамен 15 ғасырға жатады. Бірақ, бертіндегі бабаларымыз неге дәл сақ заманындағы адамның жанына жерленген? Оның себебі мынада дейді мамандар.

Бақытжан Болатбекұлы, тарихшы:

-Дәл жанымызда қазіргі таңда да өзіміздің қазақ мұсылман бейітінің барлығы. Жаңа айттым, 15 ғасырда бірінші рет жерлеген. Бұның өзі не көрсетеді? Яғни, бұл қазақтардың ата-бабасына жақын болуға тырысуында.

Яғни, Алтын Орда мемлекеті заманында жерленген адамдар сақтардың өз бабалары екенін білген деген тұжырым жасайды. Қазба жұмыстары орта шеніне енді жақындаған. Күрек-сайман ұстағандар негізгі қорымды қазуға енді кіріседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде