{metadescription}
Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз тілге келді
Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз тілге келді

Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз тілге келді

Қарағанды облысында әскери қызметкердің қолында жарылып, оны өмір бойына мүгедек еткен граната емес. Бір өлімнен аман қалған кіші сержанттың өзі де, әріптестері де осылай деп отыр. Десе де, аяқасты жарылған заттың не екенін әзірге ешкім білмейді.

Ринат Омаров, ҚР Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің басшысы: Жарылған зат туралы ештеңе айта алмаймыз. Бәрін тергеу көрсетеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Оқыс оқиға сенбі күні Қарабас ауылындағы әскери полигонда болған. Келісімшарт бойынша қызмет ететін 33 жастағы Асан Сембіұлы аумақтағы шөпті жұлып жүріп, әлдебір пластмассаны байқайды. Сөйтіп, қолына ала берген кезде, беймәлім зат етіп жарылыпты. Осыдан кейін, ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен. Төтенше жағдайдан оның оң қолының алақаны, саусақтарымен қоса жұлынып кетіпті. Бұған қоса, беті мен мойны күйген. Кіші сержанттың сол көзі де жараланды. Ол бүгін ғана аурухана палатасына ауыстырылған. Асанның тапқаны жарылғыш заттың қай түрі, және оның әскери  полигонда қайдан жүргені тек тергеуден соң белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.