{metadescription}
Маңғыстау облысында үйлену тойының соңы өртке ұласты
Маңғыстау облысында үйлену тойының соңы өртке ұласты

Маңғыстау облысында үйлену тойының соңы өртке ұласты

Отшашудан шыққан жалын бүтін бір мейрамхананы қиратты. Оқыс оқиға Бейнеу ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, кештің сәнін келтіру үшін ұйымдастырушылар отшашуды тура қонақтар отырған залда жағыпты. От төбеге дейін жеткен ұшқыннан тұтануы мүмкін. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Іштегі қонақтар сыртқа шығып үлгерген. Жалынды ауыздықтау үшін оқиға орнына 3 өрт сөндіру техникасы жеткенімен, жалынды тез ауыздықтау мүмкін болмапты. От 680 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.