Алматыда ұрланған көлік бөлшектерін сатқандар түрмеге жабылуы мүмкін
Алматыда автобөлшек саудасымен айналысатын 5 саудагер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер базарларды әлі де тексеріп жатыр.
30.07.2018
Тәртіп сақшылары шаһардағы ең ірі екі сауда орнын бастан аяқ тінтіп шыққан. 500 адам бөлімшеге жеткізілсе. Оның жүзден астамының бір де бір құжаты жоқ. 50 саудагер көші-қон заңын аяқ асты еткен шетелдіктер. Іздеуде жүрген тағы тоғыз адам ұсталды. Ал 5 саудагер ұрланған зат сатты деген күдікке ілінген. Себебі олар тауарды қайдан алғанын түсіндіре алмады. Егер автобөлшектердің қылмыстық жолмен келгені дәлелденсе саудагерлер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұндай жаза ұрланған тауарды алған кез-келген адамға да қатысты. Айта кетейік, әйгілі спортшы Денис Теннің қазасынан кейін еліміздегі көлік бөлшегін сататын базарларда ауқымда шаралар жүргізіліп жатыр.
Салтанат Әзірбек Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды деген сөз бар. Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес 3 жылдан аса бас бостандығынан айыру көзделген ұрланған затты сатып алғандарға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!