{metadescription}
Алматы облысында жоғалған бала тауда тоңып өлген
Алматы облысында жоғалған бала тауда тоңып өлген

Алматы облысында жоғалған бала тауда тоңып өлген

Тауда 2 апта бойы өлі жатқан! Алматы облысында із-түзсіз кеткен 7 жасар бала қатты тоңғанынан бірінші түні-ақ көз жұмыпты. Мұны сот-медициналық сараптама қорытындысы көрсетіп отыр.

Сергей Незнаев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

- Бала жоғалған күні түнде қайтыс болған. Сол кезде тауда нөсер жаңбыр жауды. Содан үсті-басы су болып, әбден тоңған.  Жеткіншектің киімі де жұқа болыпты. Оның үстіне, оқиға болған күні полицияға ақпарат тым кеш түсті.

Ернұр Сәдуақас өткен жұмада жоғалған жерінен 8 шақырым қашықтықтан өлі күйінде табылған. Ал қаптаған тәртіп сақшылары мен еріктілер ұлды тірі деп ойлап, 14 күн бойы айқайлап іздепті. Айтуларынша, таудағы қалың бұталар арасына кіру де мүмкін болмаған. Жеткіншектің кеш табылу себебі осы екен. Естеріңізге салсақ, шілденің 14-інде Ынтымақ ауылындағы қыратқа 5 бала көтеріліп, ішіндегі Ернұр ғана хабар-ошарсыз кеткен еді. Оның қасында болған достары тауда өздерін бір малшының пышақпен қорқытқанын айтып берді. Содан ойын балалары жан-жаққа қашыпты. 7 жасар ұл болса, сайға қарай жүгірген. Тауда жападан-жалғыз жүріп көз жұмған оны жақындары кеше жерледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде