{metadescription}
Еңбек министрлігі салық дауына қатысты түсініктеме берді
Еңбек министрлігі салық дауына қатысты түсініктеме берді

Еңбек министрлігі салық дауына қатысты түсініктеме берді

Зейнетақы қорына қатысты жаңа заңға Еңбек министрлігі түсініктеме берді. Өйткені бұдан былай сатылған автокөлік пен пәтер ақшасының 10 пайызын қорға жарна ретінде аудару керек деген ақпарат елде үлкен түсінбестік туғызған. Бірақ осы  құжатты қабылдаған депутаттар шудың жоқ жерден туындағанын айтады.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:

-Өзім аң-таң болдым. Бұл қайдан шыққан мәселе деп?  Содан кейін маған таныстарым  хабарласа бастады Аманжан ,ішінде жүрсің ғой, бұл қалай болды деп.  Айтарым ешкім ешқандай үй сатқаннан басқа сатқаннан салық салынбайды.  Жеке дүние-мүлікке онсыз да салық  бар ғой. Ал, сен оны сатып, пайда көргеннен ешкім ештеңе төлемейді.

Яғни зейнетақы қоры туралы заңға енген өзгерістер тек келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін адамдарға арналған. Бұдан былай олар ай сайынғы жалақысының 10 пайызын қорға аударып отыруы тиіс. Ал оған дейін зейнетақы қорына ақша аудару-аудармау жағы қандай да бір мекеме, кәсіпорындарда штаттан тыс істейтін қызметкерлердің өз еркінде еді. Айта кетейік, заң екі апта бұрын күшіне енді. Онда кез-келген азамат келісім-шарт негізінде тапқан теңгесінің бір бөлігін зейнетақы қорына төлеуі тиіс деп жазылған. Кейін іле-шала сатылған пәтер мен көлік ақшасының он пайызы да осы қорға аударылуы керек деген ақпарат тарап, көпшіліктің алаңдаушылығын тудырған еді. Ал жобаны  әзірлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылары мұндай салық салу жоспарда да болмаған деп отыр.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Жеке мүлікті сатудан зейнетақы жарнасы төленбейді. Әрі тек келісім-шарт негізінде жұмыс істейтіндер ғана емес, адвокат, жеке сот орындаушысы, нотариус, кәсіби медиатор мен  кәсіпкерлер де өз табысынан БЖЗҚ-на міндетті зейнетақы төлемін аударуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде