{metadescription}
Бурабайдағы шипажайға демалуға келгендер қорлыққа тап болдық деп арызданды
Бурабайдағы шипажайға демалуға келгендер қорлыққа тап болдық деп арызданды

Бурабайдағы шипажайға демалуға келгендер қорлыққа тап болдық деп арызданды

Жайсыз шипажай! Бурабайдағы «Алмаз» шипажайы көрсеткен қызметке мүгедектер риза емес. Республиканың әр түкпірінен демалуға мемлекеттің тегін жолдамасымен келген олардың жатын орыннан бастап, тамағы мен медициналық қызметіне дейін көңілдері толмапты. Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша тендерді жеңіп алғанымен әлеуметтік қызметкері жоқ демалыс орнында мүмкіндігі шектеулі жандар әбден қиналған. Енді демалу мерзімі аяқталғанда тағы ши шығып отыр. Мүгедектерді жолға да дұрыстап шығарып салмайды екен.   

-«Алмаз» шипажайында дәл қазір демалып жатқан 400 адамның 80 пайызы әлеуметтік жолдамамен келген. Яғни, әртүрлі сырқат бойынша мүгедектік алған жандар. Алайда,жанына дауа,дертіне шипа іздеп келгенде күтпеген жағдайға тап болған. Тіпті кейбірі шипажайдағы адам төзгісіз жағдайға шыдамай 1 күн түнеп үйлеріне қайтып жатыр.

Тегін жолдамаға  мүгедектер бір жылда бір рет қана қол жеткізеді. Бурабайдай жер жұмағына демалу үшін асығып жеткенде дәл осындай жағдайға тап боламыз деп ойламапты. Әсіресе, зағиптар келе сала кедергілерге ұшыраған. Әлеуметтік қызметкер болмаған соң, көмекшіге мұқтаж жандар бір- бірін сүйемелдеп жүріпті.

Борис Челуснов, бірінші топтағы мүгедек:

-Мен су қараңғы соқырмын. Тамағымды өзім алып іше алмаймын.  Мұнда қарайтын адам жоқ. Талай қолымды біреудің ыстық тамағы құйылған тарелкасына салып алып ұятқа қалдым. Әлеуметтік жолдама бергенге әлеуметтік шипажай шығар дегем. Міне, наның , міне сорпаң деп кетіп қалады. Мен оны қалай табамын?

Мекемеде «коммерция» жақсы жолға қойылған, -дейді наразы жұрт. Мүгедектерге аяқ қолдарына киетін бір реттік бахила мен гигиеналық қапшықтар да ақылы екен. Тіпті, уқалау кабинетіне бару үшін тек солардан 400 теңгенің жақпа майын алуға тиіссің. Әйтеуір, өйтіп-бүйтіп тиісті 10 күн демалысын өткізгендер енді жол азабы күтіп тұр деп ренжиді.

Жәнібек Байтоқов, бірінші топтағы мүгедек:

-Ертең бәрімізді теміржол вокзалына апармақ. Ал Тараз бен Қарағандыға пойыз 12 сағаттан кейін. Ал мына адамдар негізінен зағиптар мен диабетке шалдыққандар. Олар инсулинді қалай алмақ? Әрі күн суып,8 градусқа дейін барды. Келіспегендерге такси жалдауды ұсынды. Не бұл сонда?

Бұған дейін  демалушылар шипажай директорына мұндағы олқылықтары тізіп, шетінен шағым жазған. Бірақ ол қабылдамапты. Сырттай келіп бақылып тұрған шипажай директоры Руслан Бриншинов айтқандарының бірі де шындыққа жанаспайды дейді.

Мүгедектердің толыққанды демалуын тапсырыс беруші әрбір әлеуметтік басқарма қадағалауға тиіс. Осы жолы мемлекеттен тегін жолдама берген жауапты сала бұған бас қатырмағандықтан, жеке шипажай иесінің әрекеті  "қайдан құлақ шығарса да қазаншының өз еркі" дегенге саяды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.