{metadescription}
Қырғыз тауларында қаза тапқан алматылық альпинистің денесі елге жеткізілді
Қырғыз тауларында қаза тапқан алматылық альпинистің денесі елге жеткізілді

Қырғыз тауларында қаза тапқан алматылық альпинистің денесі елге жеткізілді

Қырғыз тауларында қаза тапқан отандасымыздың денесі елге жеткізілді. Алматыдағы ғылыми зерттеу институтының қызметкері Виталий Дворецкий альпинизммен көптен әуес екен. Бірақ кеше Қырғызстанда Скрябин мұздығында тас көшкінінің астында қалып қойған. Онымен бірге болған 3 отандасымыз бен тағы 3 ресейлік бүгін ұшақпен Алматыға жетті. Ішкі істер қызметкерлері олардан қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қырғыз жеріндегі қайғылы жәйт кеше болғанымен, «Қазавиақұтқару» мекемесінің құтқару тікұшағы оқиға орнына бүгін таңертең ғана жетті. Оны да қырғыздар тарапы көмекке шақыртқан. Тас көшкініне тап болған туристер Скрябин мұздығында, 4100 метр биіктікте тұралап қалыпты. Барлығы 7-і адамның үшеуі Ресейден, қалған төртеуі қазақстандық.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Күндіз сағат ондар шамасында тікұшағымыз қаза тапқан адамның денесі мен зардап шеккен басқа адамдарды алып кетті. Сосын Манас әуежайына бір соғып, Алматыға түстен кейін сағат 3 жарымдар шамасында қонды. Қазір Ішкі істер қызметкерлері тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Қаза тапқан 42 жастағы Виталий Дворецкий туризм саласы бойынша зерттеу жүргізетін маман әрі өзі де талайдан бері тау шыңдарын бағындырумен әуестенеді екен. Қасындағы алты адам әр түрлі жарақат алған. Алматыға келе салысымен дәрігерлер оларды бақылауға алған. Екеуі дәрігерлік көмекті мүлдем қажетсінбепті.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Жарақат алған адамдар қаралып, барлық керекті анализдер алынды. Төртеуінің де жарақаты жеңіл болып, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері болмағандықтан, үйлеріне жіберілді. Алған жарақаттары мынау: терісінің сырылуы, алақан сүйегінің жабық сынуы, және де ішектің, аяқтың соғылуы.

Қазіргі уақытта аман қалған 6-уы Алматыда. Ішкі істер қызметкерлері болған жағдайға қатысты тергеу шараларын бастап кеткен. Олар тас көшкініне қалай тап болып жүр? Жүрер жолын неге дұрыс бағдарламаған деген сынды сұрақтардың жауабы енді анықталады.

-Табиғат апатына кез болған отандастарымызға қырғыздар тарапы көмек көрсете алмаған. Өйткені, ұшағы жоқ. Осыған дейін көрші елде туристік нысандарды аралауға Қырғыз қарулы күштері бас штабының ұшақтары қолданылып келген екен. Ал биыл сол әуе көліктерінің бәрі ұшуға жарамсыз болып қалыпты. Сондықтан көрші мемлекетке баратын альпинистер бұл жағын да ескерген жөн дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде