{metadescription}
Алматы облысында табылған сүйек Жансүгіровтікі ме? Тұрғындар не дейді?
Алматы облысында табылған сүйек Жансүгіровтікі ме? Тұрғындар не дейді?

Алматы облысында табылған сүйек Жансүгіровтікі ме? Тұрғындар не дейді?

Алматы облысындағы Жаңалық ауылының тұрғындары аулаларынан өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының қаңқаларын анықтаған. Бір ғасырға жуық уақыт бұрын жерленген адамдардың сүйектері жақсы сақталыпты. Тіпті оларды атқан оқтар да сол жерден қазып алынған.

Жаңалықтағылардың бүгінгі жаңалығы алаштың кез-келген баласын селт еткізері анық. Төрт жарым мың саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленді деген аумақтан бүгін бірнеше сүйек табылды. Бұл жолы адам қалдықтары дәл үйдің ауласынан қазып алынған. 

-Адам сүйектері бар болғаны бір, бір жарым метр тереңдіктен шығыпты. Су құбырын жүргізу үшін арық қазғызған үйдің иесі Мұрат бұл маңнан құнды жәдігердің табылатынын сезген екен. Және жерді қазған техниканың әрбір қимылын жіті бақылапты. Себебі дәл осы ауладан осыдан қырық жыл бұрын жұдырықтай алтын табылған. Ал бұл жолы бір ғасыр бұрын жерленген адамдардың сүйектері шағып отыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл сүйектер қырық жыл бұрын табылған  алтыннан қымбат. Өйткені олар бұлардың бірінің Ілияс Жансүгіровтің сүйегі екеніне сенімді. Оған өздерінің дәлелдері де бар.

Мұрат Байқожаев, Жаңалық ауылының тұрғыны:

-Міне көзәйнек, біз Ілияс Жансүгіровтың көзілдірігімен салыстырсақ соған ұқсайды. Сол кісі ма, оны археолгия іздеп табатын шығар деп ойлаймын. Осы жерде біздің ақсүйек адамдар жатыр. Міне мынау оқтар жиналып қалған бір жерде. Ата берген ата берген.

Оқтан бөлек, былғарыдан тігілген мәсі мен тиын ақша да жақсы сақталған. Сондықтан сүйектің кімдікі екенін анықтау аса қиын болмауы керек. Ауыл тұрғындарының айтып отырғаны рас болуы да мүмкін дейді тарихшылар. Бірақ ол үшін медициналық сараптама жасау қажет.

Бейбіт Қойшыбаев, «ӘДІЛЕТ» ТАРИХИ-АҒАРТУ ҚОҒАМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

-ДНК сараптаманы жүргізуге болады. Өйткені ол кездегі белгілі адамдардың ұрпақтары бізде әлі бар. Тірі. Сондықтан толық анықтауға болады.  Кей жерлерде шұңқыр біткенге тастап  бетін топырақпен жаба берген. Сондықтан бұндайлар әлі де табылуы мүмкін.

Сүйек табылған жерге ауыл басшылары да келді. Олар үй иесінен құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтата тұруын сұрап отыр. Себебі, су құбырын салу үшін қазылған жерде тағы да сүйектің бары көрініп тұр. Енді оны арнайы комиссия қарайды. Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін жылдарында 25 мың қазақстандық атылса соның ,төрт жарым мыңы Алматы облысының Жаңалық ауылы маңында жерленген. Сондықтан ауыл тұрғындары адам қалдықтарын жиі тауып жатады. Бірақ осы күнге дейін табылған сүйектердің бір де бірі кімдікі екені анықталмапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде