Елімізде тау тұлғалардың портреті тұрғын үйлердің сыртына бейнеленіп жатыр
Тұлғаларды тасқа түсіргендер! Елімізде ғимараттың сыртына сурет салатындардың жұмысына қанат біткендей. Ұлы Абайдың жаңа алып суреті енді Қостанайда пайда болса, Дінмұхаммед Қонаевтың бейнесі Алматыда салынды. Граффити - портретке тапсырыс берушілердің көбейгендігінен кейбір қылқалам иелері классикалық жанрдан, көше өнеріне бет бұрып жатқандарын айтады.
Автор: Әсем Лесбек
01.08.2018
Бүгінде үйлердің сыртқы қабырғаларындағы ашық та қанық түстермен әрленген көз жауын алар суреттер мен жазуларды жиі көреміз. Батыстан бастау алған үрдісті өнер деп бағалауға бола ма әлде еріккеннің ермегі ме? Ал граффити-суретшілер қаланы көрікті етудің мұндай ерекше әдісі қазіргі уақытта әлем елдері тарапынан зор сұранысқа ие дейді.
Ержан Танаяев, Граффити-суретші:
-Хип-хоптың бір бөлігі болып табылады. Бізде сол хип-хоп арқылы таныдық оны кезінде. Граффити негізі сол 80 жылдары Америкада шыққан стиль деп танылады. Енді қазір дамып Стрит-арт көше өнері боп дамып жатыр. Біз көбінесе стрит-арт жасаймыз. Қазақи өзіміздің тұлғаларды салғанды қалаймыз.
Бүгінде елімізде граффити салумен айналысатын 50-ден астам топ бар. Өздеріне Номад, Тиграхауд сынды тарихи атаулар ойлап тауыпты. Тапсырыстар түсіп, түрлі халақыралық байқауларға шақыртулар келе бастаған соң кәсіби суретшілер классикалық жанрды стрит-артқа айырбастапты. Бұрындары абстракциялы суреттерді салса, қазір олардың қолынан шыққан, Абай, Дінмұхаммед Қонаев, Әбілхан Қастеевтің портреттері қалаға көрік беріп тұр. Тоғыз қабатты үйдің қабырғасына сурет салу үшін бояу толы құтылар мен сырларын артынып-тартынып, кранмен көтеріледі екен.
Әли Зәкір, Граффити-суретші:
- Ең аз дегенде 7-8 балонмен жазу жазып кетуге болады. Түсі көп болған сайын жұмыс та әсерлі болады.
Ал мұндай көлемді портреттер кем дегенде жеті жыл бояуы өңбей, сақталады екен. Сондай-ақ суретшілер бұл картиналарға кемі 8 құты бояу кететін айтады. Мұндай өнер иелерінің қашанда қалталары жұқа болатындығы анық. Сондықтан көбінесе керек-жарақтарын демеушілер мен тапсырыс берушілер әпереді екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!