Астана тұрғыны туа алмай қиналған иті үшін ветеринарларды айыптап отыр
Астанада өлі туған күшікті дәретханаға ағызып жіберген ветеринарлар үлкен дауға қалды. Құны бағалы ит туа алмай қиналған соң иесі оны жан-жануарлар клиникасына дереу апарған. Бірақ астаналық келіншекті ондағылардың қатігездігі шошытып отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
01.08.2018
Рада қазір иесінің қойынынан шықпайды. 6 жастағы ұрғашы ит үш күн бұрын, екі күшікті дүниеге әкелуі керек болған. Бірақ біреуін үйде туғанымен, екіншісін туа алмай ұзақ уақыт қиналған. Сондықтан Елена итін дереу ветеринарлық клиникаға алып барыпты. Ондағылар толғағы қысқан жануарға кесарево тілігін жасаған. Бірақ күшікті аман сақтап қала алмапты.
ЕЛЕНА ВАГАНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: (ауд)
- УЗИ-ге түсіргенде жатырда жатқан күшіктің денсаулығы жақсы деген. Сөйтіп, кесерово тілігіне менен рұқсат алып, ота жасады. Бірақ, сәлден кейін хирург келіп, күшіктің өлі туғанын және оны кәріз құбырына ағызып жібергенін айтты. Бұл барып тұрған бассыздық қой.
Алғашқыда дәрігерлердің мұндай қатігездігі Еленаны шошытыпты. Айтуынша, санитарлық нормаға сай өлі жануарды утилизациялайды. Яғни өртейді немесе жерге көмеді. Бірақ ашынған әйел енді ветеринарлардың сөзіне күмәнмен қарап отыр. Өйткені иттің тұқымы - йоркшир терьері. Құны 200 мың теңге тұрады екен. Сол үшін клиникадағылар өтірік айтып, егіз күшіктің бір сыңарын өзіне алып алған болуы мүмкін дейді. Ал үйде туған алғашқы күшік дін аман.
- Жынысы қыз. Жағдайы тәуір.
Жалпы, дауға қалған жануарлар клиникасына көңілі толмайтындар көп. Светлана да Миша атты итімді мұндағы дәрігерлер мүгедек қылды дейді.
СВЕТЛАНА КОРПАЧЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
-Итім аяғынан жараланып қалды. Сөйтіп, осындағы ветеринарларға операция жасаттым. Бірақ, отаны практиканттар істеген секілді. Өйткені, мишаның аяғы керісінше іріңдеподан сайын нашарлап кетті.
Ал дауға қалған жануарлар клиникасы осы. Мұндағылар иттің баласын дәретханаға ағызып жібергендерін жасырмайды. Тіпті, заң бойынша солай істеу керек деп отыр.
ТАТЬЯНА КРОПИВНИЦКАЯ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ КЛИНИКАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
-Күшік шала дамыған биологиялық сұйықтық болды. Тіпті, қолда дұрыс ұсталмады. Аман сақтап қалу мүмкін емес еді. Сондықтан өлікті арнайы ерітіндіге салып, кейін кәріз құбырына ағыздық. Бұл кісіге бәрін түсіндіріп атқанбыз. Бірақ түсінбеді. Керісінше бізді балағаттап қарғап тастады.
Осылайша өлі күшік үшін дауласқан қос тарап ымыраға келе алмады. Енді бір-бірін сотқа бермекші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!