{metadescription}
Теміртауда көшеден табылған азаматтың туыстарына іздеу салынды
Теміртауда көшеден табылған азаматтың туыстарына іздеу салынды

Теміртауда көшеден табылған азаматтың туыстарына іздеу салынды

«Виталий 47 жас» деп жазылған бір жапырақ қағазы бар мүгедектің   қолында құжаттары да болмаған. Өздігінен жүріп-тұра алмайды не сөйлей алмайды. Сондықтан әлеуметтік бейімдеу орталығының мамандары оны екі айдан бері қамқорлығына алған. Бірақ содан бері жарымжан азаматтың аты-жөні мен тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмай тұр.

Мамандар сал ауруына шалдыққан науқасты туыстары әдейі тастап кетуі мүмкін деп отыр.  Қазір «тастанды Виталий» аталып кеткен азамат осы орталықты паналауда. Құлағы естігенімен, көзі көрмейді. Бұл аздай қол-аяғы да қимылдамайды. Сондықтан оны күтушілер тамақтандырып жүр. Орталық қызметкерлері туа бітті сал болып қалған азамат осы уақытқа дейін жақындарының қарауында болған дейді. Масыл болған соң әдейі далаға тастаған шығар деп болжайды. Өйткені қолына тап- таза бір киер киімі салынған сөмке ұстаған. Өздерін әшкере қылмас үшін құжатсыз қалдыруы да мүмкін көрінеді. 

Наталья Занкина, Әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры: 

-Құжаттары болмаған соң қарапайым медициналық бақылаудан да өтуге ешбір мекеме қабылдамайды.  Ал бұл кісіге күтім қажет. Осыған дейін мүгедектігі үшін жәрдемақы да алып келгені анық қой. Құжатсыз ол да жоқ. Онсыз Виталийді орталықта 1 жылдан артық ұстай алмаймыз. Сондықтан оны білетін біреудің немесе құжаттарының табылғаны керек.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде