Біртановтың сынынан соң Алматы облысындағы аурухана құлпырып шыға келді
Министрдің қаһарынан соң құлпырып шыға келді! Алматы облысындағы атышулы жұқпалы ауруларды емдеу мекемесі ақыры жөнге келген. Бұған дейін қатаң сынға ұшыраған ғимараттың іші де, сырты да қазір адам танымастай өзгеріпті.
01.08.2018
Менингит өршіп тұрған тұста, Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына министр Елжан Біртановтің өзі тексеруге келіп, талай былыққа куә болған еді. Тіпті, министр дәлізде жатқан науқастардан аяқ алып жүре алмаған. Сондықтан, талапқа сай келмейтін мекемені жабу керектігін айтқан болатын. Кейін кемшілікті жою үшін аурухана басшыларына тамыздың біріне дейін уақыт берілді. Мұндағылар белгіленген уақыттан кешікпей барлық олқылықты реттепті. Оған 4 миллион теңгедей қаржы жұмсалған. Тіпті, әр палатаға ыстық суға дейін тартылған екен.
Жәнібек Ботбаев, Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:
- Ақтап әктеу жұмыстары бәрі-бәрі жасалды. Дәретханалары жөнделді Ыстық сумен қамтамасыз етілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!