Ақтауда миллиондаған теңгелерін даулаған жұрт сот алдында шу шығарды
Жергілікті кәсіпкерге сеніп, енді жер сипап қалғандар әділдікке осылай қол жеткізбекші.Алайда, шағымданушы тарап сотқа түскі үзіліс кезінде келгендіктен, ешкіммен жүздесе алмады. Жанжал шығарғандарды полицейлер тез арада тарқатып жіберді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
01.08.2018
Дәрия Шәріпова, Маңғыстау облысының тұрғыны:
-Сеніміме кіріп, тауарымды алып ақшамды бермей жүр.Бір жыл болды, қолхатым бар, жеке кәсіпкерлік мөрі бар. Соның бәрін сот алдында мойындайды, алдым дейді. Беріп қойдым дейді.
Ақтауға жан-жақтан жиналғандар ақшамызды Азамат Таңатаров есімді жергілікті кәсіпкер алдап алды дейді. Сөздеріне сенсек бизнесмен әрқайсысынан 10 миллионнан 60 миллион теңгеге дейін қарыз алыпты. Кейін ақшаларын үстемемен қайтаруға уәде берген. Тіпті қыруар ақша алғаны туралы қолхат та жазып берген. Одан бері біраз жыл өтсе де ешкімге көк тиын татырмаған. Ал аудандық сот кәсіпкер жазып берген қолхаттың заңдық күші жоқ деп тапқан. Сондықтан сан соғып қалған аңқау жұрт облыстық соттың табалдырығын тоздырып жүр.
Шолпан Османова, Маңғыстау облысының тұрғыны:
-Аяқтарын сотта көтеріп отырады, аузына не келсе, соны айтады.Оған соттар ешқандай шара қолданбайды. Ал біз бірдеңе айтып, ауыз ашсақ соттан шығарып жібереді, айыппұл саламыз деп айғай шығарады. Неге әділдік жоқ?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!