{metadescription}
Жамбыл облысында жолынан қалған жолаушыларға өтемақы төленетін болды
Жамбыл облысында жолынан қалған жолаушыларға өтемақы төленетін болды

Жамбыл облысында жолынан қалған жолаушыларға өтемақы төленетін болды

Апатқа ұшыраған жүк пойызының кесірінен жолынан қалған әр жолаушыға өтемақы берілетін болды. Бірақ оның көлемі билет құнынан аспайды. 

Арман Сұлтанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ  бас директоры:   

-Инвестиция және даму министрлігі бекіткен тәртіпке сәйкес әр жолаушыға  кідірген уақыттың әр сағатына билет құнының үш пайызы төленбек. Ал берілетін өтемақы билет бағасынан асып кетпеуі тиіс. 

Жалпы саны 3200 адамның өтемақы алуға құқығы бар. Өйткені олар 14 сағат бойы діттеген жерлеріне жете алмай, далада қалған болатын. Ас-сусыз күнге шыжғырылған ел наразылықтарын білдіріп шу шығарған. Себебі бүлінген рельстерді қалпына келтіру жұмыстары кешеуілдеген. Еске салсақ, кеше таңғы 8-дер шамасында Жамбыл облысында жүк пойызы апатқа ұшыраған еді. Отарбаның  11 вагоны Мойынты-Шығанақ бөлігінде шойын жолдан шығып кеткен. Алдын ала болжам бойынша бұған бір вагонның қосымша жақтауының  сынып кетуі себеп. Дегенмен тексеру жұмыстары жалғасуда. Ал, осы апаттың кесірінен 5 жолаушы пойызы кестеден кешігіп, орта жолда қаңтарылған. Отарбалар кеше түнде қайта жолға шыққанымен пойыздардың жүру кестесі әлі де толық реттелмей жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.