{metadescription}
Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақты пилот мас күйінде басқарған
Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақты пилот мас күйінде басқарған

Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақты пилот мас күйінде басқарған

Ұшақты мас күйінде басқарған. Алматы облысы Жаркент қаласының маңында болған ұшақ апатына қатысты Азаматтық авиация комитеті осындай қорытындыға келді.  Сондықтан жеке компанияның лицензиясын тартып алған.

Тимур Якупов, Азаматтық авиация комитеті ұшу жарамдылығы басқармасының басшысы:

-Тексеру барысында ұшу алдындағы демалу тәртібі дұрыс болмағаны анықталды. Яғни, ұшақ командирі алкогольдік ішімдік қабылдаған. Ал ұшақтағы жүк шамадан тыс ауыр болған. Бұл жағдайлардың бәрі өрескел қателікке жатады. Сондықтан, Азаматтық авиация комитеті әуе компаниясына қатысты қатаң шара қолданып отыр.

Оның үстіне, ұшақ тым төмен ұшқан. Қайғылы оқиға былтыр 27-ші шілдеде болған еді. «Қазавиа» компаниясына тиесілі ЯК-12 шағын ұшағы егістік алқабына дәрі сеуіп жүріп төбешікке соғылып, апатқа ұшыраған. Ішіндегі екі адам: 54 жастағы ұшқыш пен 39 жастағы шаруа қожалығының басшысы қайтыс болды. Енді марқұм ұшқыш мас болғандығы анықталды. Борт командирін осындай күйде ұшақ басқаруға жіберген компания енді серитификатынан айрылды. «Қазавиа» 25-тамызға дейін қызметкерлерімен есеп айырысып, салық бойынша берешктерін өтеп барып қана, жұмысын түбегейлі тоқтатуға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.