{metadescription}
Экономистер жиған-терген ақшаны  долларға айырбастамауға кеңес берді
Экономистер жиған-терген ақшаны  долларға айырбастамауға кеңес берді

Экономистер жиған-терген ақшаны долларға айырбастамауға кеңес берді

Доллар арзандайды! Бүгін ақша айырбастау орындарында 348-349 теңгеден сатылып жатқан Америка ақшасы құнының шарықтау шегі осы болуы мүмкін дейді экономисттер. Сонымен доллардың тоқтаусыз өсуіне не себеп?

Ұлттық валютамыз талықси құлап, қайта тегеурінді болады деуге толық негіз бар сияқты.Алайда, жаздың екі айындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Бір айдың ішінде ұлттық валюта 1,6 пайызға құнсызданды. Яғни, төл ақшамыз бірден 6-7 теңгеге әлсіреп отыр. Ал, жыл басынан бері сан құбылған ұлттық валюта 4,2 пайызға құлдырады. Әзірге Ұлттық банктегілер төл теңгеміздіі нығайту үшін интервенция жасауға құлықсыз.  

Өткен жұманың аяғында теңге бағамы 346 теңге 2 тиынға тұрақтаған еді. Қазіргі уақытта ақша айырбастау орталықтарында бір доллар орташа 348-349 теңге аралығында сатылып жатыр. Ең қызығы, мұнайдың бағасы қазір тұрақты. Қара алтынның бір баррелі 74 доллар 80 цент.

Сарапшылардың айтуынша, долларлық қарызы бар компаниялар өзге елдегі берешектерін төлеуге жаппай кіріскен. Міне, сондықтан жарты жылдықтың соңында доллар нығаяды. Мамандардың болжамы бойынша күзде АҚШ ақшасының бағамы қайта төмендеп, теңге «өгіз аяңдап» нығаяды.

Әлібек АЛЛИЯРОВ сарапшы:

- 25 тамызға дейін компаниялар өзінің салықтық төлемдерін өтеу керек. Соған байланысты долларға сұраныс болады. Екіншіден, бірінші жарты жылдық біткеннен кейін сыртқы қарыздар бар. Ұлттық компаниялар мен екінші деңгейлі банктердің. Соны өтеу үшін олар долларды сатып алу керек болады. Долларға сұраныс едәуір арта түседі.

Экономистер әлемдегі геосаяси ахуалдың тұрақталуы да төл ақшаның күшеюіне сеп болады дейді. Сондықтан халыққа жиған-терген қаражаттарын аса қажеттілік болмаса, долларға айырбастауға асықпау керек деп отыр. Сарапшылардың пікірі Ұлттық Банк позициясымен сәйкес кеп тұр. Бас банктегілер де : Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі валюталар АҚШ ақшасының алдында өкінішке орай, әлсіреп тұрғанын айтты. Олар да бұл уақытша құбылыс деген сенімде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.