{metadescription}
Алматыда кішкентай ұлын өлімші етіп сабаған әке 6 жылға сотталуы мүмкін
Алматыда кішкентай ұлын өлімші етіп сабаған әке 6 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда кішкентай ұлын өлімші етіп сабаған әке 6 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда кілемге оралып, шала-жансар күйі табылған 4 жасар Мұхаммедтің туыстары тергеу ісіне көңіліміз толмайды деп шу шығарды.  Олар уақытша қамауға алынған 34 жастағы Мұраттың бауыр еті баласын өлімші етіп ұруы мүмкін емес дейді. Алайда, құқық қорғау органдарының айтуынша ағаштардың арасынан табылған бүлдіршінді көлік қақпағанын айғақтайтын дәлел-дәйектері жеткілікті екен.

4 жасар Мұхамедті таспен ұрып, шалажансар күйі кілемге орап кеткен әкесі дегенге оның туыстары сене алар емес. Олар тергеушілердің қорытындысын естіп, жағаларын ұстапты. Жанайқайларын жеткізу үшін кеше Алматыдағы полиция бөлімшесінің алдында байбалам салды.Төбемізден жай түскендей болдық деген жақындары Мұхамедтің әкесі жан баласына зияны жоқ жайдары азамат деп отыр. Ішімдікті аузына алып көрмеген әке шынашақтай баласын әдейі ұрып -соғуы мүмкін емес дейді олар.

Әділет ӘРІПОВА Мұхамедтің туысы:

-Ешкімді ренжітіп көрмеген. Отыз төрт жаста бір адам одан жамандық көрмеген. Әкесі де өзі де, отбасы жақсы. Өз баласын ешқашан ұрмаған. Мен сенбеймін оған.

Алайда, 34 жастағы күдікті кінәсін мойындап, жантүршігерлік оқиғаны тергеушілерге тәптіштеп айтып берді. Әлеуметтік желіге лезде тараған видеода жігіт ағасы еш шімірікпестен туған баласын қалай соққыға жыққанын баяндап отыр.

-И так получилось, что ударил, нанес удар и прямо в висок попал. Еще таким точным ударом. Он сразу упал....

Осыдан екі апта бұрын Шығыс айналма жолындағы қалың ағаштардың арасынан өлім аузында жатқан бүлдіршін табылған еді. Сол уақытта баланы қара түсті көлік қаққанын көрдім деген куәгердің ақпараты жалған болып шықты. Кілемге де оралмаған. Төсенішті сол маңдағы тұрғындар әкеп үстіне жапқан екен. Тергеу тобы бейне жазбаларды қарап, онда әкесі баласының қолынан жетектеп,  бара жатқан кадрларды байқаған. Тәртіп сақшылары бала табылған жерде қанға боялған тасты да тауыпты. Ең қызығы, тергеушілерді шатастырған куәгерге ешқандай жаза қолданылмайды.   Ал, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған баланың жағдайы қазір тәуір. Тек іштей тұйықталып қалған. Ақ халаттылар бүлдіршіннің жарақаты неден болғанын дөп басып айту қиын дейді.

Дінмұхаммед Рузуддинов, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Бала есін біледі. Тамағын ішіп жатыр. Мамасының айтуынша, екі порциядан ішеді. Қолдары да қимылдай бастады. Бірақ көп сөйлемейді бала.

-Дегенмен, тек бас сүйегі ғана зақымданды деген дәрігерлер 4 жастағы  Мұхамедтің жарақаты жол апатынан болмағынын меңзегендей. Қатігез әкенің кінәсі дәлелденсе ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екен. Ал, жарты ай бойы тергеушілерді шатастырып, бірінші күні аурухана алдында зар еңіреп, кешелі бері полиция алдында қарғанып-сіленіп шу шығарған Асқароғлу әулеті бәрібір Мұраттың кінәсіз екендігіне сенімді. Тайлы-тұяғы қалмай прокуратураға барып арызданбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде