{metadescription}
«Ағайынды төртеу» мафиясының жетекшісі  үкімді  тыңдағысы келмей судьяның сөзін бөле берген
«Ағайынды төртеу» мафиясының жетекшісі  үкімді  тыңдағысы келмей судьяның сөзін бөле берген

«Ағайынды төртеу» мафиясының жетекшісі үкімді тыңдағысы келмей судьяның сөзін бөле берген

Ақтөбеде аты шулы «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының 26 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты.  Мұнай ұрлығымен айналысқан  ұйымның жетекшісі Еркін Ізбасардың мал-мүлкі тәркіленіп,12 жылға түрмеге қамалатын болды. Ал осы топқа қолдау көрсеткен Ақтөбе ішкі істер департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов  5 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімін тым қатал деп тапқан адвокаттар онымен келіспейтіндіктерін айтып, залда айғайға басты.

26 айыпталушының туыстары мен ондаған күзетшілер сот залына  әрең сыйды. Үкім оқып жатқан судьяның сөзін қайта-қайта бөлген Еркін Ізбасарды судья сот залынан қуатынын айтып, әрең сабасына түсірді. Бұрын да екі рет істі болған оған бұл жолы 13 бап бойынша айып тағылған еді. Он айға созылған сот отырыстары барысында ол өз кінәсін мүлде мойындамаған. 

-Бір грам шындық жоқ, масқара бұл.

«Ағайынды төртеу» деген лақап атпен елге әйгілі  қылмыстық  топ серкелері осыдан екі жыл бұрын арнайы операция арқылы ұсталған еді. Жат ағымның жетегінде жүрген олар бірнеше жыл бойы Ақтөбе облысында  мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан. 26 адамнан тұратын қылмыстық топқа Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті  бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов қолдау көрсеткен. Бүгін ол да 5 жыл үш айға сотталып, полковник шенінен айырылды. Ал қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасардың анасы, әлбетте ұлының жазықсыз сотталып кеткеніне сенімді. Анасының баласын қандай болса да қорғайтыны мәлім ғой. 

Мейрамхан Ізбасар, Еркін Ізбасардың анасы:

 -Бұл Ақтөбенің спорты, 20 жыл болмаған спортты бірінші орынға көтерді. Олимпиадаға апарды. Шет елден адам әкелді. Сол ешкімге жақпай қалды.

Ұйымдасқан топтың  бір мүшесі қылмыс жасау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты сот залынан босатылды. Қылмыстық топтағы қалған адамдар 3 жылдан 11 жылға дейін жаза арқалады.  Мұнай ұрлығына қатысты атышулы іс мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Топтың басшысы Еркін Ізбасардың деп апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде