{metadescription}
Жеке сот орындаушылары Ирак Елекеевті төрағалыққа қайтаруды талап етті
Жеке сот орындаушылары Ирак Елекеевті төрағалыққа қайтаруды талап етті

Жеке сот орындаушылары Ирак Елекеевті төрағалыққа қайтаруды талап етті

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының басына қара бұлт үйірілді. Бұл ұйымның бүгінде қос төрағасы бар. Біріншісі Ирак Елекеев. Оны пала мүшелері арнайы президиумда сайлаған. Ал екіншісі Құлахмет Бекетов. Оның төрағалыққа қала келгенін жеке сот орындаушылардың өздері түсінбей отыр. Қос басшысы бар ұйымның жұмысы болса ілгері басар емес. Тірегі мықты төраға берекемізді алды деген жеке сот орындаушылар палатадағы былықты жайып салды.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасына мүшелердің қатысуынсыз төраға болып сайланған Бекетовтың бұл алғашқы жұмыс күнінен көрініс. Дауыс бермегендер кабинеттен күштеп қуылуда. Бұндай жағдай еліміздің бірнеше облысында қайталаныпты. Ал 11- шілдедегі президиумда ғана Ирак Елекеевты төраға етіп сайлағандар аң-таң.

Қосай Савтаев, президиум мүшесі:

-Ирак Елекеевты сайлағанбыз, президиум. 5 күннен кейін яғни 16-сы күні. Әділет департаментінде тағы да жиын болыпты. Оған бәріміз қатысты деп қол жинаған. Бірақ оған біз қатысқан жоқпыз мына отырғандар. Білмейміз де.

Палата мүшелері,  Әділет министрлігі заңды өрескел бұзып, ешкімге айтпай жаңа сайлау өткізген дейді. Ереже бойынша президиум мүшелерінің 3/2 дауыс беру керек. Бірақ бүгін жиналған сегіз өңірдің басшылары бұл жиынға қатыспадық деп отыр. Осыған қарамастан әділет басқармасы Бекетовты төраға деп тіркеп, қолына билікті бере салыпты. Бұған шамданған жеке сот орындаушылары заңды аяқ асты еткендерді сотқа да бермек болған. Бірақ белгісіз себептермен арыздары кері қайтарылыпты.

Гүлбану Омарова, президиум мүшесі:

-Өзіміз заңгерміз бірақ заңның талабында барлық құқығымызды біле тұра заң талабында жұмыс істей алмай жатырмыз.   Неліктен бізге басшыны олар тағайындау керек. Біз мемлекеттік қызметкер емеспіз. Біздің жұмысымыз тоқтап тұр.

Бүгінде елімізде мың сегіз жүзге жуық жеке сот орындаушы бар екен. Өзгені айтпағанда өз құқығын қорғай алмай отырған заңгерлер үкімет басшысы мен Жоғарғы сотқа хат жазған. Олар әділет министрлігінің әділетсіз әрекетіне тосқауыл болуды сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде