{metadescription}
Каспийде ауқымды оқу-жаттығу шарасы өтті
Каспийде ауқымды оқу-жаттығу шарасы өтті

Каспийде ауқымды оқу-жаттығу шарасы өтті

Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында жойқын жер сілкінісі болды. Зілзала зардаптарын жою үшін көршілес Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан құтқарушылары келді. Солтүстіктегі көршілер химиялық қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға тарамауын қадағаласа, әзірбайжандар мұнай ұңғымасындағы өртті әуеден ұшақ арқылы сөндіріп жатыр. Маңғыстау облысында осындай сценариймен «Теңіз - 2018» деп аталатын оқу-жаттығу шаралары өткізілді.

Қарт Каспийдің жағалауындағы 5 мемлекеттің төртеуі бүгін Маңғыстаудағы Баутино портында апатты жағдайдың алдын алу ісін пысықтады. Мұндай ауқымды шара осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін дәл осындай жаттығу Астрахан мен Бакуде болған  еді.

Максим Максименко, РФ ТЖМ департамент директоры:

  • Бұл шараға аса ірі көлемдегі топты тартпадық. Яғни, сіздің елде қандай да болмасын төтенше жағдай орын алса, шекаралық аймақтағы нақты көмек көрсете алатын күш пен құрал-жабдықты пайдаландық. Қажет болып жатса, әрине олардың санын көбейтеміз.

 «Теңіз-2018» оқу-жаттығу шарасына 700 құтқарушы мен 150 техника жұмылдырылыпты. Әуеге санитарлық авиация және су шашатын құрылғысы бар ұшақтар көтеріліп, апатты аймақта қалғандар құтқарылды. Дәл осы жаттығу үшін Қазақстан құны 200 миллион теңге тұратын суасты катері мен радиациялық-химиялық барлау жасайтын техника сатып алған.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

  • Біздің бөлімшелердің жарақтандырылуын әлі де жетілдіру керек. Ұшақтар тиімділігін көрсетті. Жедел жеткізу жағына да көңіл толады. Яғни бұрынғыдай мұнай-газ өндіретін платформалардағы өртті сөндіретін кемелерді көптеп алудың керегі жоқ. Енді осы шараны өткізгеннен кейін, қорытындысын Үкіметке баяндап,нақты шаралардың қолға алынуы үшін жұмыстанатын боламыз.

Бүгінгі ауа райы да оқу-жатығу жұмыстарына біраз әсер етті. Теңізде дауыл тұрып,  Бе-200 деп алататын амфибия-ұшағы қажетті мөлшердегі суды ала алмады. Сондықтан мамандар тәуекелге барған жоқ. Десе де, қатысушылар шараның онсыз да қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. 

Агали Гусейнов, Әзірбайжан ТЖМ жедел басқармасының басшысы:

  • Теңіздегі ең алғаш  және ең үлкен кен орындары бізде. Сондықтан, бұл жағынан, яғни кен орындарындағы өртті сөндіру бойынша әзірбайжандықтарда тәжірибе жеткілікті. Каспий жағалауындағы елдерде апатты жағдай бола қалса, кез-келген көмекті беруге әрқашан дайынбыз.

Алда-жалда төтенше оқиға бола қалса, көмекке тек өзге мемлекеттерден бөлек, еліміздің аймақтары да келмек. Мысалы, Ақтау әуежайында төтенше оқиға туындаса, Маңғыстаулықтарға Атырау мен Ақтөбе, тіпті Қызылорда облысы ойланбастан жедел жетеміз деп құлшынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде