{metadescription}
Алматыда метро құрылысына қатысты қылмыстық іс жабылып тынды
Алматыда метро құрылысына қатысты қылмыстық іс жабылып тынды

Алматыда метро құрылысына қатысты қылмыстық іс жабылып тынды

Миллиардтар құмға сіңгендей жоқ.  Алматыдағы метро құрылысында 7 млрд 700 млн теңге жымқырды деп қозғалған іс тоқтатылған. Бұл туралы «Алматыметроқұрылыс» мекемесі мәлімдеді.

Айыпты өзі тапқан көлік прокуратурасы  айғақ таппай бұл істен өздері бас тартқандай. Олар 2016 жылы мекемені тексеріп, метрополитен құрылыс материалдарының құнын есеп-қисапында қымбаттатып көрсетіп, мемлекетке 8 млрд теңгеге жуық шығын келтірді деп іс бастаған болатын. Тергеудің өзі бір жылдан астам уақытқа созылды. Енді бір қызығы, екі жылға жуық май шаммен қаралған істе ешқандай кінәрат табылмай, ешкім де кінәлі болмай шықты.

Жәмилә Арисова, «Алматыметроқұрылыс» АҚ өндірістік техникалық департаментінің директоры:

- Бірінші күннен бастап тергеу істері және де экспертизаның жұмыстары басталды деген хабар жарияланған. Ал, былай нақты «Алматыметроқұрылыстың» осындай істе анық, толық кінәлі деген болған жоқ еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде