Қарағандыда көшеден табылған сәби балалар үйіне өткізілді
Екі жастағы Миленаны анасы «қазір келем» деп бөтен біреудің қасына тастап кеткен. Бірақ сол бойы оралмаған. Полиция безбүйрек ананың кім екенін анықтағанымен, ол бауыр еті баласынан безінгенін айтыпты. Сондықтан тірі жетімді балалар үйіне өткізуден басқа шара жоқ дейді мамандар. Аздап суық тигені болмаса, айтарлықтай ауруы жоқ бала қазір қатарластарының қасында жүр. Ал оны далаға тастап кеткен анасына қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Автор: Саят Сабдалы
03.08.2018
Людмила Дроздова «Ботакөз» балалар үйінің директоры:
- Бала өз жасына сай дамыған. Аздап сөйлей де алады екен. Қасық ұстай алмайды. Тамақты қолдан беріп жүрміз. Ешкімді жатырқамайды, мінезі ашық жарқын. Ерке өскені білініп тұр. Қалай ғана қиып қалдырып кеткеніне таңым бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!