Индонезияда жойқын жер сілкінісі болды
Индонезияның Ломбок аралында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 91 адам қаза тапты.Тағы жүзден астамы түрлі жарақат алды.
Автор: Әсем Лесбек
06.08.2018
Жер асты дүмпуінің қуаттылығы 7 балды құраған. Оның толқыны Бали аралында да сезілді. Зілзала болған аймақтардан мыңдаған турист қауіпсіз аймаққа көшірілді. Тағы осыншама саяхатшы құтқарылушыларды күтіп жатыр. Арасында қазақстандқтар да болуы мүмкін. Айта кетейік, бұл соңғы аптада Индонезияда болып жатқан екінші жойқын жер сілкінісі. 29 шілде күні тіркелген табиғат апаты 17 адамның өмірін жалмаған болатын. Марқұмдардың денелері көбінесе үйінділердің астынан табылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!