{metadescription}
Алматыда үйлері өртенген отбасылар күркеде тұруға мәжбүр
Алматыда үйлері өртенген отбасылар күркеде тұруға мәжбүр

Алматыда үйлері өртенген отбасылар күркеде тұруға мәжбүр

Алматыда үйлері отқа оранған 2 бірдей отбасы далада қалды. Бір апта бұрын өртенген ескі үйлердің біреуін тілсіз жау түгел жалмаса, екіншісі әжептәуір бүлінген. Өлместің күнін кешкен отбасылар күрке тұрғызып, бала-шағаларымен бірге сол жерде тұрып жатыр. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Алайда, жұрттың күдігі көршілеріне түсіп отыр.

-Бір апта бұрын тапа-тал түсте өртенген мына баспананың қабырғасы ғана қалған. Қызыл жалын әп сәтте бүкіл үйді шарпып, дүние-мүліктің барлығы күлге айналыпты. Бас амандығын ойлаған отбасы ештеңке алмай далаға жүгіріп шыққан.

Әбдірасұловтар отбасы оттың тұтануын көршілерінен көріп отыр. Жапсарлас орналасқан үйдің электр сымдары тұйықталып, тілсіз жау тағы бір баспананы бүлдірген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сусыз келгендіктен жалынды ауыздықтауға тым кеш еді.

Жұмагүл САДЫҚОВА Алматы қаласының тұрғыны:

-Осы терезеден келген өрт жел арқылы кішкентай бөлмелерге тез таралып кетті. Бір тал зат алған жоқпын. Балаларымды шығарып үлгердім. Жаздың ыстық күні мынаның бәрі кеуіп тұрғандықтан қатты өртенді.

4  баласымен далада қалған отбасы енді өлместің күнін кешіп жүр. Өздері күрке тұрғызып, соны паналауда. Түнде ерлі-зайыптылар шиеттей бала-шағамен көлікте түнейді. Көрші-қолаң мен еріктілер киетін киім, ішетін ыстық тамақ әкеліп, көмек қолын созуда.

Жағдат ӘБДІРАСҰЛОВ Алматы қаласының тұрғыны:

-Сот сараптамасының адамдары келіп, бізге экспертизасын жасап берсе.Сосын көрші үйдің заңды иесін таппай жатырмыз.Полиция іздеуге де берді. 

Сол күнгі жалын қатты желмен Сергей Разинковтың да үйін шарпыған. Алайда, бұл отбасының баспанасы жартылай өртеніпті. Апатты үйге кіруге қорқып қалған ол бала-шағасын туыстарының үйіне жіберіп, тар күркеде күнелтіп жүр. Ал, бүлінген үйін қалыпқа келтірейін десе, сот сараптамасының қорытындысы әлі шықпаған.  

Сергей РАЗНИКОВ Алматы қаласының тұрғыны:

-Үйдің негізгі бөлігі жанып кетті. Ескі үй болғандықтан қабырғалары қақырап, төбесі түсіп жатыр. Біз тағы қанша күн осылай жүреміз. Бізді ойлап қимылдап жатқан төтеншеліктер жоқ. Әкімдік өкілдері бір-ақ рет төбелерін көрсетіп, оларда жоқ болды. 

Тұрғындардың айтуынша, өрт шыққан үй он жыл бұрын сүрілген. Алайда, үй иесі оны заңсыз қайта тұрғызып, жалға беріпті. Алайда, сол баспананың иесін табу мүмкін болмай тұр. Әкімдіктегілер тілсіз жаудың нақты себебі анықталған соң ғана қол ұшын береміз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.