{metadescription}
Семейде автобус өртеніп кетті
Семейде автобус өртеніп кетті

Семейде автобус өртеніп кетті

Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бағыт алған автобус өртеніп кетті. Оқыс оқиға көрші елдің аумағында болған. Абырой болғанда, көлік ішіндегі 48 жолаушы дін аман. 

Олар жалма-жан автобустың жүксалғышындағы заттарын да алып үлгеріпті. Дегенмен кейбірінің, салонда қалған құжаттары мен ақшалары күлге айналды. Тілсіз жауды жергілікті өрт сөндірушілер де ауыздықтай алмаған. Ресейлік «Неоплан» маркалы автобус алыс жолға шықпас бұрын Семейде толық тексерістен өткізілген екен. Сондықтан оның отқа орануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір көрші елдің құзырлы органдары апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде