{metadescription}
Алматының басты даңғылдарының қиылысында ірі жол апаты болды
Алматының басты даңғылдарының қиылысында ірі жол апаты болды

Алматының басты даңғылдарының қиылысында ірі жол апаты болды

Құрылыс заттары тиелген фура жол жиегіндегі тұрақта тұрған 7 жеңіл машинаны жапырып өткен. Жүк көлігін тізгіндеген азаматтың көзі ілініп кетіпті.

Жүк көлігі Назарбаев даңғылынан Сәтбаев көшесіне оңға бұрылып жатып, тұрақтағы жеңіл машиналардың бірінің артына соғылған. Ал ол көлік өзінің екпінімен алдындағы темір тұлпарларға барып ұрылыпты. Әйтеуір, сол сәтте ешбірінің салонында адам болмаған екен. Апаттан соң, бір топ адам фураның есігін аша алмай, біраз әбігерге түсіпті. Ішіндегі ер адам араға жарты сағат салып қана оянған. Сөйтсе, 7 көліктің бір-біріне соғылуына себеп болған жүргізуші 3 күн бойы жөнді ұйықтамаған көрінеді. Ол Алматыға Ақтөбеден келген. Ал жүк көлігімен қала ішінде жүруге рұқсат қағазы бар-жоғы белгісіз. Жол апатынан Mercedes, Honda, Subaru, Toyota және KIA маркалы машиналар бүлінген. Енді сақтандыру компаниялары олардың қаншалықты қирағанын қарайды. Бір анығы, өтемақының жалпы соммасы 4 миллион 800 мыңнан аспайды екен.

Нұртас Наурызбаев, зардап шегуші:

-  Біз жақындап барғанда, жүк көлігінің жүргізушісі аузынан суы ағып ұйықтап жатты. Есіктері бұғаттаулы болды. Бұл жағдайдан 7 адам зардап шектік. Енді келген шығынды өндіруге тырысамыз.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде