{metadescription}
Шенеуніктер шаруаларға қанша жанармай керектігін спутник арқылы анықтамақ
Шенеуніктер шаруаларға қанша жанармай керектігін спутник арқылы анықтамақ

Шенеуніктер шаруаларға қанша жанармай керектігін спутник арқылы анықтамақ

Келер жылдан бастап егістік жерлердің аумағы ғарыштан тексеріледі. Кімге қанша жанармай керектігін содан білетін болады. Оның барлығын электрондық портал есептеп бермек. Ауыл шаруашылығы министрлігі дизель отынынан тарыққан шаруалардың мәселесін осылай шешпекші. 

Бақыт Ілиясов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі техникалық жарақтандыру басқармасының басшысы:

-Сол порталға тауар өндірушілер өтінішін береді. Өтінішін бергенде жалпы өзінің егін көлемін көрсетеді. Ол егін көлемі ғарыштық мониторинг арқылы суретке түсіріліп, тексеріледі. Тексергеннен кейін 1 гектарына шығатын жанармайымен ақпараттық жүйе өзі есептеп, сол көлемді оған реттеп береді.

Жаңа портал биыл Павлодар облысында тәжірибе ретінде алғаш рет қолданылып жатыр. Шаруалар онда өзінің егістік алқабының көлемін енгізіп, соған қажетті жанармай көлемін сұрайды. Ал жерсерік жердің тектоникалық ерекшеліктерінің арқасында ол шаруаға тиесілі жер көлемін анықтап, соған сай қанша көлемде дизель керек екенін есептеп береді. Өйтпесе болмайды дейді министрліктегілер. Өйткені, жыл сайын шаруа қожалықтарына қажетті жанармай көлемі есептеліп, оны Энергетика министрлігі арзан бағамен алып береді. Бірақ, жеме-жемге келгенде ол шаруаларға жетпей қалады. Айта кетейік, осы күндері дизельдік отын жанармай бекеттерінде 185 теңгеден сатылып жатыр. Ал Энергетика министрлігі оны шаруаларға 170 теңгеден ұсынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде