{metadescription}
Сағадиев тестілеуді тағы өзгерткелі жатыр
Сағадиев тестілеуді тағы өзгерткелі жатыр

Сағадиев тестілеуді тағы өзгерткелі жатыр

Оқулықтар жетпей жатыр. Биыл үшінші, алтыншы және сегізінші сыныптар жаңартылған оқу бағдарламасын бастайды. Бірақ, оған қажет жаңа оқулықтарды жеткізу жағы ақсап тұр. Тіпті Астана қаласында да бұл жұмыстар әлі басталмаған. Сондықтан, оқушылар жаңа кітаптармен қамтылмай қалуы мүмкін. Одан қалды, мыңдаған оқушы опырылайын деп тұрған мектепте оқуға мәжбүр.

-Әне-міне дегенше, бірер аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Ал мектептеріміз оқушы қабылдауға дайын емес, сабақ өткізейін десе оқулығы жоқ. Оны уақыт әбден таяғанда біліп жатырмыз.

Негізі оқулықты мектептерге жеткізіп беру жергілікті әкімдіктердің мойнындағы шаруа. Олар тасымалдаушы компаниялармен келісім жасап, кітаптарды алдыру керек. Бірақ, бейғам. Әсіресе, Түркістан облысы. Ондағы 4 ауданда бұл шаруа әлі басталмапты. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында да осындай жағдай, ешкім орнынан қозғалмаған. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтады, Астана қаласының әкімдігі де шәкірттердің оқу құралын әлі әкеп бермепті дейді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Осы оқу басталуға қалған 20 күн оқулықтарды уақытылы жеткізбеу осы өңірлерде қаупі бар болып тұр. Сонымен қатар, әр жергілікті атқарушы органның осы мәселеге назар аударуын сұраймыз.

Оқушылары симай жатқан 120-ға тарта мектепте үш ауысым әдісі әлі сақталып отыр. Оның себебі, халықтың көбейіп, оның үстіне көшіп келіп жатқандар да қатты әсер етеді. Айталық, былтыр Астанаға 80 мыңға тарта адам келіп қоныс тепсе, соның 17 мыңға жуығы балалар екен. Бұл дегеніңіз, жыл сайын жаңадан үлкен 15 мектеп салу керек деген сөз. Оның қасында ескіріп, жағдайы қашып тұрған білім ошақтары бөлек әңгіме.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Сонымен қатар, 44 мектеп апатты жағдайда. Олардың көбі Түркістан облысында 12, Жамбыл облысында 7, Атырау облысында 6, Батыс Қазақстан облысында 6.

Айта кетерлік бір жәйт, бұдан былай мектеп мұғалімдері ҰБТ өткізу шараларынан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ, мектепте сынама тестілеу өткізу де енді доғарылатын сияқты. Соңғы бір жылда ата-аналардан осындай ұсыныстар көп түсіп жатыр дейді министр Сағадиев.

-Және де ата-аналар былтырдан басталған екі кезеңді тестілеуді алып тастап, бұрынғы жалғыз ҰБТ-ны қайтаруды дамылсыз сұрап жатыр екен. Сондықтан, ендігі оқу жылының соңында кешенді тестілеу деген болмауы мүмкін. Осы айтылған мәселенің бәрі жақын күндері өтетін ұстаздардың тамыз кеңесінде кеңінен талқыланбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде