Жамбыл облысында отпен алысып жүрген адам құздан құлап кетті
Өрт сөндіремін деп ажал құшты. Жамбыл облысындағы дала өрті бір адамның өмірін жалмады. Қызыл жалынмен алысып жүрген 46 жастағы орманшы құздан құлап кеткен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
07.08.2018
Марқұмның артында 5 баласы қалды. Оны жерлеу рәсіміне өзі қызмет еткен мекеме басшылығы көмек береміз деп отыр. Айта кетейік, бір аптадан бері қазақ-қырғыз шекарадағы таулы аймақта өрт болып жатыр. Тілсіз жау сәт сайын күш алып, бой беретін емес. Соңғы 3 күнде қызыл жалын тіпті өрши түскен. Оны сөндіруге 100-ден аса адам жұмылдырылды. Әрі таулы аймаққа көлікпен жету мүмкін болмай жатыр. Сондықтан өрт сөндірушілер мен орманшылар жаяу және жалаң қолмен жалынды ауыздықтауға күш салуда. Осындай сәттің бірінде құзға шыққан Асылбек Алтаевтың аяғы тайып құлап мерт болған.
Жандар Мұздыбаев, Ақыртөбе орманды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры:
-Тау бөктерінде өрт шыққан, қырғызстанмен шекаралас жерде сол өртті өшіріп жартастан аяғы тайып құлап, қайтыс болып кетті. + Ол өрт өшіріп жатты. Жұмыс бабында жүріп сондай жағдай болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!