{metadescription}
Алматыда құзырлы орындар қарыздан жалтарғандарды бір-бірлеп аралап жүр
Алматыда құзырлы орындар қарыздан жалтарғандарды бір-бірлеп аралап жүр

Алматыда құзырлы орындар қарыздан жалтарғандарды бір-бірлеп аралап жүр

Алматыда құзырлы орган мен әкімдік қызметкерлері қарыздан жалтарғандардың есігін қағып, үй-үйді аралап жүр. Олардың айтуынша, қалада жылу мен ыстық суға ақша төлемейтіндердің қатары артқан. Мәселен, бір ғана аудан тұрғындары жыл басынан бері коммуналдық қызметке жарты миллиард теңгеден астам қарызға батыпты. 

Алайда, есігін тарс жапқан тұрғындар учаскелік полицияның талабын орындар емес. Сондықтан қарыздан жалтарғандарға құзырлы мекеме өкілдері түк те істей алмайды екен. Себебі, айтқанға көнбегендерді жазалап, ыстық суды ажырату үшін ескі тұрғын үйлерде пәтердің ішіне кіру керек. Ал, бір ғана Әуезов ауданында 14 мың пәтер иесі коммуналдық қызметке ақша төлеуді ұмытқан. Олардың әрқайсы орташа есеппен 50 мың теңгеден берешек. Қалада 8 аудан барын ескерсек, қарызданушылардың қарасы бірнеше есе  көбейетіні сөзсіз.  «Егер тұрғындар бей-жай қарамай қарызынан құтылса, жаңа жылу маусымына тыңғылықты дайындық жүргізетін едік» дейді әкімдік өкілдері. 

Олжас Мұхамеджанов, Әуезов аудандық әкімі аппаратының бөлім жетекшісі:

- Арнайы комиссия құрылған. Қатарында учаскелік полиция, комунальдық компания өкілдері бар. Үш айдан бері ақша төлемеген және ескерту парағы берілген пәтерлерді мүмкіндігінше ыстық судан ажыратып жатырмыз. Тіпті, қолымызға сол мезетінде төлей алатын арнайы терминалдар ұстап жүрміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде