{metadescription}
Қайрат Қожамжаров: елімізде алаяқтар азайды
Қайрат Қожамжаров: елімізде алаяқтар азайды

Қайрат Қожамжаров: елімізде алаяқтар азайды

Қазақстанда қылмыс саны қысқарыпты. Бүгін Қайрат Қожамжаров  елімізде алаяқтар, қарақшылар мен әккі қылмыскерлер азайып жатыр деп, президентке есеп берді. Бас прокурордың айтуынша, қазір түрмеде отырғандардың да саны аса көп емес.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Былтырғы жылға қарағанда қылмыстың жалпы деңгейі елімізде 10 пайызға төмендеді. Қазіргі уақытта алдыңғы тергеу кезінде бұрынғыға қарағанда адамдар 30 пайызға төмен қамалуда. Биыл, мысалы, 12 мың адамға үкім шығарылды сот бойынша. Соның 4 мыңы ғана бас бостандығынан айырылды.

Қожамжаров «Гуманизацилау туралы» заңға сай, осы аптада тағы 230 адамның жазасы жеңілдетіледі деді. Яғни, орта, жеңіл қылмыс жасағандар айыппұл төлейді, қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ, Бас прокуратура  еңбек, жер қатынастары, тарифтер мен  еңбекпен қамтуға  қатысты бірнеше тексеру жүргізіпті. Прокурорлар келіп кеткен соң  жеті өңірде электр қутының тарифі төмендеген. Арада делдал  фирмалар көп болғандықтан, бизнесмендердің жарық бағасын қолдан өсіргені  анықталған.  Олардың арасында лауазымды адамдарға тиесілі  компаниялар  да бар екен. Тексеруден кейін 1 жарым миллион адамға  артық төлеген ақшасы қайтарылған. Қожамжаровтың айтқандарын қолдаған Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорға тағы бірқатар тапсырма берді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бас прокуратураға ең жоғары дәрежеде бақылау шаруасы берілген барлық жағынан. Осы заңның әділетті болуы үшін бірнеше шаралар қарадық. Заңдарды қабылдадық. Соттың жүйесін түзедік, полиция туралы заңдар қабылданды. Енді соның бәрінің нақты орындалуы Бас прокурордың құзырында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.