КТК-да кастинг! Деректі фильмге дарынды актерлерді іздейміз
КТК кастинг жариялайды. Алдағы телевизиялық маусымнан бастап біздің арнада шынайы өмірге негізделген қазақ тілінде деректі драма көрерменге жол тартпақ. Қазір арнайы топ оған дайындық аясында өзін актерлік қырынан сынағысы келген жандарды кастингке шақырады.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
10.08.2018
Жаңа жоба деректі драма жанрына негізделген. Басты кейіпкер – қазіргі заманғы әйел. Сюжет желісі оның отбасы мүшелерімен, қызметтестерімен қарым-қатынасы айналасында өрбиді. Жоба режиссерлерінің бұл ретте тәжірибесі де жоқ емес. Жаңа дүниенің негізіне бұған дейін көрермен көңілінен шыққан «Әйел қырық шырақты» және «Көріпкел» бағдарламалары арқау болмақ. Деректі драманың әр сериясына жаңа бейнелерді сомдайтын 10-15 актер керек. Бұл ретте сіздің арнайы мамандығыңыздың болуы шарт емес. Тек өзіңізді жаңа қырынан сынаймын деген ынтаңыз болса жеткілікті. Ендеше, ертең үлкен сахнаға апаруы мүмкін сәтті қалт жібермеңіз.
Сәуле Жәнібекова, жоба редакторы:
- Біздің жастар, тіпті үлкен кісілер, енді өмірде әр түрлі жағдайлармен адамдар болады ғой, арманы арман болып қалған, сол арманы арман болып қалмас үшін келем қатысамын деген көрермендер болса, біз қуана қарсы аламыз. Бір айтып кететін нәрсе, бірнеше кейіпкер болады. Сол себепті бізге бұл кастинге көп адамдардың келгені қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!