{metadescription}
Шымкент дербес қала ретінде Сенатқа үміткерлерін ұсынбақ
Шымкент дербес қала ретінде Сенатқа үміткерлерін ұсынбақ

Шымкент дербес қала ретінде Сенатқа үміткерлерін ұсынбақ

Ертең Шымкентте Сенат сайлауына үміткерлерді ұсыну науқаны басталады. Кандидаттарды тіркеу 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кету керек, бұған дейін Жоғары палатада Шымкенттен шыққан депутат болған емес.

Шаһар республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылған соң,  осы шаһардың екі өкілін Сенатқа қосу туралы ұйғарым жасалған. Сайлау 5 қазанда өтеді. Үміткерлер өзін өзі ұсына алады. Ал кандидаттарды қалалық мәслихат таңдайды. Сенаторға қойылатын талаптар мынадай: үміткердің жасы 30-дан асуы тиіс. Жоғары білімі бар болуы және еңбек өтілі 5 жылдан аз болмауы керек.  Оңтүстікте кем дегенеде үш жыл, жалпы елімізде он жыл тұрақты  тұратын адам ғана сайлауға түсе алады. Сондай-ақ, кандидаттың сотталмағаны,  жемқорлық дауына ілікпегені абзал. Ал сайлау алды үгіт-насихатқа жұмсалатын шығынға қазынадан арнайы қаржы бөлінеді.  Қазір Сенатта 47 депутат бар. Олардың бір бөлігі  әр облыстың,  Алматы мен Астананың өкілі. Ал 15 сенаторды президент тағайындайды.  Депутаттық мерзімі 6 жыл. Жоғары палата мүшелерінің  жартысы 3 жыл сайын қайта сайланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде