{metadescription}
Қарағандыда жүзден аса пышақты гүл арасына қадап жүрген зейнеткер болып шықты
Қарағандыда жүзден аса пышақты гүл арасына қадап жүрген зейнеткер болып шықты

Қарағандыда жүзден аса пышақты гүл арасына қадап жүрген зейнеткер болып шықты

Қарағанды полицейлері көшелердегі гүлдердің арасына пышақ қадап жүрген адамды ұстады. Ол дәстүрлі емес халықтық медицина жоралғысымен аяғының ауруын жазамын деп жүрген 68 жастағы зейнеткер болып шықты.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Ұсталған азаматша соңғы үш айда оның аяғының ауыратыны және бұл емді дәстүрлі емес медицинамен емдеу керектігі жөнінде журналдан оқығандығы, қолданбаған пышақтарды гүл өсіретін жерлерге қадау арқылы емдеуге болатыны жайлы мойындау көрсетпелерін берді.

Осылайша бұл діни жоралғы деп болжағандардың күдігі расталып отыр. Зейнеткердің бұл әрекеті бақылау камераларына түскен екен. Естеріңізге салсақ, алғашқы 25 пышақ көше бойында отырғызылған гүлдердің арасынан табылды. Мұны көргендер пышақтарды абаттандырушылар тастап кетті деп болжаған. Аз уақыттан соң тура осындай 72 пышақ екінші бір көшедегі гүлдердің арасынан алынды. Артынша аулалардың бірінен тағы 17 пышақ табылғанда жұрттан тіпті зәре кеткен. Енді халық еміне құдайдай сенген зейнеткер ұсақ бұзақылық бабы бойынша 24 мың теңге айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде