Даниал Ахметов Өскемен әкімі қызмет орнын сақтап қалуға моральдық құқығы жоқ екенін айтты
Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетуі мүмкін. Даниал Ахметов Қуат Тұмабаевтан жылы орнын босатуды талап етті. Өйткені шенеуніктің Риддердегі жантүршігерлік жол апатынан кейін өз орнын сақтап қалуға «моральдық құқығы жоқ» дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.08.2018
Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
- Бұл жағдайда, менің пайымдауымша, әкім Қуат Тұмабаев моральдық тұрғыда, жоғарғы лауазымда мемлекеттік қызмет атқаруға құқығы жоқ. Сондықтан ол жақын уақытта арыз жазғаннан кейін облыс орталығына жаңа әкім тағайындалатын болады.
Естеріңізде болса, 15-ші сәуір күні Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев көлікті мас күйінде жүргізіп, 19 жастағы жігітті қағып кеткен. Ауыр соққыдан Евгений Смольников көз жұмған еді. Сол сәтте қымбат көліктің ішінде Қуат Тұмабаев та болған. Бірақ Өскемен қаласының әкімі осы оқиғадан кейін еңбек демалысына кетіп, сотта мүлдем бой көрсетпеді. Тіпті шенеунік өзін тезге салмақ болған тәртіптік кеңес мүшелерін де елемеген. Бірақ өрімдей жігіттің өлімінен кейін біраз басшы қызметінен қуылды. Атап айтқанда Риддер қаласы ішкістер басқармасының бірқатар қызметкері жұмыстан босатылды. Енді олардың қатарына облыс орталығының басшысы да қосылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!