{metadescription}
АҚШ: Үш келіншектің бірінің күйеуі сотқа аттанғалы жатыр
АҚШ: Үш келіншектің бірінің күйеуі сотқа аттанғалы жатыр

АҚШ: Үш келіншектің бірінің күйеуі сотқа аттанғалы жатыр

Америкада алаяқтық жасады деген күдікке  іліккен үш келіншектің бірінің күйеуі сол жаққа аттанғалы жатыр. Фуркат Абраров жұбайы Диора Ашированың әлдекімдердің арбауына түсіп қалғанына сенімді.  

 Фуркат Абраров,  Диора Ашированың күйеуі:

  •  Әйелім алданып қалды. Естуімше, Азиза Диораға қосымша жұмыс ұсынған.  Көшелерге  жарнама қағазын іліп шықсаң болды деген. Ақысын да төлейтін болған. Бұған оның әзербайжандық күйеуінің де қатысы бар.  Қазір әйеліммен хабарласа алмай отырмын.

Фуркат  «әйелімді алдады» деп  отырған тағы бір отандасымыз Азиза Джалолова  күйеуі  Элвин Джавадзадемен қоса Америкада істі болып жатыр.  Олар Таразда көрші тұрған екен. Ал Фуркат пен Диора АҚШ-қа алты жыл бұрын көшіп кеткен. Бірі көлік жөндеп, екіншісі үй тазалаушы болып күн көрген. Фуркат әкесінің денсаулығы нашарлаған соң, соңғы бір жыл елде жүргенін айтады. Алайда Нью-Йоркте  үш баласы мен әйелі қалған. Қазір  оның жары Диора Аширова үйқамақта отыр.  Келіншек келесі сот отырысына дейін ешкіммен сөйлесе алмайды. Енді Фуркат еліміздің Сыртқы істер министрлігіне барып, виза ашуға көмек сұрамақ. Бала-шағамды алып келемін дейді. Айта кетейік,  «АҚШ-та алаяқтық жолмен  көлік сатты» деген күдікпен ТМД елдерінен шыққан 25 адам қамауға алынған. Үшеуі қазақстандық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде