{metadescription}
Талдықорғанда мембағдарламамен берілген жап -жаңа үйлер бұзылып жатыр
Талдықорғанда мембағдарламамен берілген жап -жаңа үйлер бұзылып жатыр

Талдықорғанда мембағдарламамен берілген жап -жаңа үйлер бұзылып жатыр

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша пайдалануға берілген жап -жаңа үйлер бұзылып жатыр.  Қабырғасы қақырап, іргетасы сөгіле бастаған баспана иелері бір күні үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқады. Алайда бас мердігер құрылыстың кепілдік мерзімінің аяқталғанын алға тартып, үйді жөндеуден үзілді кесілді бас тартқан. Шенділер болса, тұрғындарға пәтер иелері коперативін құрып, өз мәселелеріңді өздерің шешіңдер депті.

Бектұрғановтар отбасы мына екі бөлмелі пәтерге үш жыл бұрын жайғасқан екен. Алайда көп өтпей қуаныштары су сепкендей басылды. Күні-түні сықырлайтын қабырға мен төбеден түсетін сылақтан мезі болған жас отбасы күндердің күнінде екі баламызбен мертігіп қаламыз ба деп қорқады. Осы пәтерлері үшін жалға алу ақысы ретінде 40 мың төлеп тұратын олардың бір жағдай бола қалса  жағалайтын туыстары да жоқ екен.

Сымбат Бектұрғанова,Талдықорған қаласының тұрғыны:

  • Осы үйге 2015 жылдың 26 күні  кілт алып,28 күні көшіп келдік. Екі үш айдан соң төбеміз, стеналар құлай бастады. Бұзылғанда, тұрады да шытыр шытыр етіп құлап қалады. Балаларымыздың үстіне құлады. Бізде ғана емес, ондай көп. Ойнап жүргенде құлайды. Үйдің ішінде стена былай екі бөлініп кеткендер де бар.

Алғашқы жылдары кепілдік мерзімі аясында құрылысшылар тұрғындардың пәтерлерін өз есебінен жөндеп кетіп тұрыпты. Ал тура үш жыл өткен соң олар қара көрсетуді қойған.  Сыртынан қарағанда бүтін бұл үйлердің іші түтін екен деп мүлде ойламайсың.   

Қарлығаш Әбішева, Талдықорған қаласының тұрғыны:

  • Құлап қалдым. Былай. Мынау бос тұрған нәрсе ғой. Қалай ұшып барғаным. Аяғым аман. Балалар ойнап жүріп  құлап қалады. Оны кімге айтарыңды білмейсің. Сұмдық енді. Айтарға сөз жоқ.

«Қол жетімді баспана -2020»  бағдарламасы аясында салынған  бұл жалдаламы- коммуналды үйлер баспана кезегінде тұрғандарға осыдан төрт жыл бұрын берілген екен. Шаршы метрі  90 мың теңге тұратын пәтер ақысын тұрғындар ай сайын жалға алу құны есебінен қайтарады. Ал осы үйлерге қатысты халық шағымынан мезі болған атқамінерлер  оларға  қолдарыңды  кеш сермедіңдер деп отыр.  

Данияр Жаныс, Талдықорған қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:

  • Талдықорған қалалық құрылыс бөлімі бұл үйлерді 2014 жылы мердігерден қабылдап алған. Сол кезден бастап яғни 2014-2017 жылдары гарантийный срогы ,яғни кепілдік мерзімі болған. Қазіргі уақытта кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Сол себепті тұғындар өз тараптарынан немесе ПИК арқылы, яғни пәтер иелері кооперативі арқылы өз қаражаттарына жасауы тиіс.  

Талдықорғандықтар енді шаһарда мемлекеттік  бағдарлама  бойынша салынатын әрбір үйге өзіміз  бақылау жасаймыз деп отыр.  Ол үшін тіпті арнайы кеңес те құрылыпты. Белсенді топ іргетасы құйылғананан бастап, пайдалануға берілгенше құрылыс қарқынын ғана емес сапасын да тексеріп тұрмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде