Ақтөбеде жолаушылар құлаған аялдаманың астында қалды
Ақтөбеде дауылдан аялдама құлап, автобус күтіп тұрған жолаушыларды басып қалды. Екі бала мен бір келіншек жеңіл жарақат алған. Тағы бір әйелдің омыртқасы сынып, қазір ол ауруханада жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.08.2018
Қираған аялдаманы комуналшылар алып кетіпті. Орнын жым-жылас жинап қойған. Әкімдіктегілер жол жиегінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, аялдаманың темір тіреулерін бос қойғанын мойындайды. Ал соның астында қалып жарақат алған Сәния Сафина енді екі ай бойы қозғалмай жатады. Омыртқасы екі жерден сыныпты.
Одан бөлек басынан да жарақат алған. Келіншек сол кезде қасында болған баласының аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр. Енді ол жел тұрса қаңбақтай ұшатын аялдамаларды орнатқан шенеуніктерді сотқа беремін деп отыр.
Сәния Сафина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Аялдаманың құлап бара жатқанын көріп қалдым. Кішкентай баламды сақтап қалайын деп ойлап үлгергем жоқ, есімнен танып қалдым. Жазасын алсын! Менің орнымда кішкентай бала болса ше?!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!