{metadescription}
Алматыда белгілі дәрігер Шахеризада Ахашеваның ұлын өлтіріп кетті
Алматыда белгілі дәрігер Шахеризада Ахашеваның ұлын өлтіріп кетті

Алматыда белгілі дәрігер Шахеризада Ахашеваның ұлын өлтіріп кетті

Алматыда белгілі дәрігер Шахеризада Ахашеваның ұлын өлтіріп кетті. 11 сыныпты биыл ғана бітірген Жаннұр кәмілет жасына да толмаған баланың қолынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 18 жастағы Жаннұр қаладағы сауда орталықтарының маңында өзімен бір мектепте оқыған бұрынғы таныстарымен ерегесіп қалған. Жанжал төбелеске ұласып, Жаннұр қатты соққыдан жерге құлап, басы жарылады. Жедел-жәрдем жеткенше жас жігіт тілге келмей жүріп кетіпті. Жаннұр Байқоныс Ақсай қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шахеризада Ахашеваның тұңғышы. Биыл Алматыдағы 173 мектеп-лицейін бітірген. Ұстаздары оны тәртіпті, оқу үлгерімі жақсы болған деп еске алды. Жаннұр Қытайға оқуға түсіп, жиырмасыншы тамызда аспан асты еліне ұшу үшін билет те алып қойған екен. Оны өлтірді деген күдікпен 16 жастағы бала ұсталды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

  • Осы іске қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 2002 жылы туған А есімді азамат ұсталып  ІІД уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдарының нәтижесінде осы іске қатысы болуы мүмкін өзге де күдіктілер анықталып, заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде